Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
3627 7 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 11:27

Түркіменстанда президент портретін ауыстыру маусымы басталды

Түркіменстанда ел президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтің портреттерін жаңарту маусымы басталды. Бұл жолы арқадағтың ("қамқоршы") шашының ұзындығы мен артқы планындағы кілем түсі өзгерген.

"Әдетте қыркүйек айының басында президент портреттерін ауыстыру басталады. Енді портреттің артқы планындағы кілем түсі қызыл болуы керек. Шашының түсі де өзгеріп, қысқарған", - деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі.

Мары уәлаятындағы тілші де барлық мекемелерде президент портреті жаңартылып жатқанын хабарлады.

Баспаларда президенттің бұл портреті 20 манаттан (Орталық банк бағамы бойынша 5,7 доллар) сатылып жатыр. Көшелерде де түркімен басшысы бейнеленген суреттер біртіндеп ауыстырылып жатыр.

Соңғы рет мемлекеттік мекемелерде президент портреті биыл қаңтар айының соңында ауыстырылған. Осыдан кейін тамыз айында Бердымухаммедов мемлекеттік телеарналардан бұрынғыдан қысқа шашпен сөйледі. Осыдан кейін барлық мекемелер оның суретін өзгертуге міндетті.

Abai.kz

7 пікір