Жексенбі, 13 Қазан 2024
3240 2 пікір 14 Қыркүйек, 2020 сағат 14:13

Шалабеков мемлекетке 107 миллион теңге шығын келтірген

Мамандандырылған прокурорлар және антикоррупция қызметі Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

Шенеуніктің ұсталғанын антикоррупция қызметіндегілер растады және іс бойынша хабар таратты. Ведомствоның мәліметінше, Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша екені тергеу мүддесіне сәйкес айтылмады.

Шенеуніктің ұсталғанын антикоррупция қызметіндегілер растады және іс бойынша хабар таратты. Ведомствоның мәліметінше, Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша екені тергеу мүддесіне сәйкес айтылмады.

Ал, Қарағанды облысы прокуратурасының өкілдері 12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері қала әкімінің орынбасарын ұстағанын мәлімдеген.

"Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді. 2018 жылы Қарағандының ірі панельді тұрғын үйлерін салуға "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және жымқыру бойынша алдын ала сөз байласты деп айыпталып отыр", - делінген хабарламада.

Прокуратурадағылар мемлекетке 107 миллион теңгеге шығын келтірілгенін айтады. Қазіргі уақытта Шалабеков соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.

"Тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қаытсты  өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды", - деді прокуратура өкілдері.

Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып өткен жылдың ақпанында тағайындалған болатын. 2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін ол қаланың құрылыс бөлімін басқарды. Шалабеков әкімнің орынбасары болғанда жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет, үйді және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру мәселелеріне жетекшілік етті.

Abai.kz

2 пікір