Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3572 4 пікір 17 Қыркүйек, 2020 сағат 13:06

Мәдени нысандар жекешеленбейді!

Кезінде Парламент Мәжілісінің жанындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов бастаған бір топ депутаты Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жекешелендіруге қарсы шығып, Үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатын. Сөйтіп бұл қауіп бұлты сәл де болса сейілгендей еді.

Бүгін Парламент Мәжілісі қабылдаған «Мәдениет туралы» Заңға өзгерістер енгізу жайлы заң жобасында осы мәселе түпкілікті шешімін тауып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік мәдениет ұйымдары және мемлекет жүз пайыз қатысатын мәдениет ұйымдары иеліктен шығарылуға жатпайтындығы тайға таңба басқандай анық етіп жазылды.

Өткен ғасырдың аяқ шенінде ауылдардағы клубтар мен Мәдениет үйлері жаппай жекешелендіріліп кеткен болатын. Қазір олардың көпшілігінің жұрты ғана опырайып жатыр. Соның ішінде менің арқама әлі күнге аяздай бататыны – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылындағы, дәл алдында Шоқан Уәлихановтың ескерткіш мүсіні орнатылған зәулім Мәдениет үйін бір кәсіпкер арзанға сатып алып, кейін тас-талқан етіп бұзып, құрылыс материалы ретінде пайдаланғандығы. Оның жұртында жалғызсырап қалған ескерткіш мүсінді кейін басқа орынға апарып, қайта орнатуға тура келген...

Енді мемлекет меншігіндегі киностудиямыз бен театрларымыз талай ауылдағы оты біржола өшкен клубтар мен Мәдениет үйлерінің жолын құшпауға тиісті.

Кәрібай Мұсырман

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502