Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4236 0 пікір 30 Тамыз, 2020 сағат 17:10

«Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» байқауы өтті

2017 жылдың сәуір айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялаған еді. Елбасы осы мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» арнайы жобасын қолға алып, ел ішіндегі ізгі бағытта жұмыс жасап жатқан жастарды көпшілікке үлгі етуді ұсынған болатын.

Содан бастап «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы үш жылдан бері Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Қазақстан халықтары ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп келеді. Осы жобаның арқасында көптеген елге үлгі боларлық жастарымыз жарқырып көрінді.

«Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы», - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Жақында Елбасы өзі мұрындық болған «Рухани жаңғыру» жобасын жан-жақты насихаттау үшін «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» деп аталатын республикалық байқау ұйымдастырылды. Елдегі ең үздік жастар қатысқан іс-шара қорытындысына сай, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығында оқитын Хибадат Жақсылық есімді екінші курс студенті топ жарды.

Аталған сында бас жүлде алған студент Қазақстан Республикасы жастар саясатының оң бағытта дамуына үлкен үлес қосқаны үшін марапатталды. Оған қоғамдық маңызды іс-шараларға барынша белсенді атсалысқаны үшін, жастар арасындағы көшбасшылық мүмкіндігін көрсеткені үшін «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» төсбелгісі табысталды.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан қаласында өткен аталған іс-шара жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа бастайтын ізгі шаралардың бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жолға қоюдағы басты мақсаты да өскелең ұрпақтың отаншылдық рухын қалыптастыру, ел үшін еңбек етіп жүрген үлгілі жастары қоғам алдында үгіттеу болатын.

Елімізде ерінбей еңбек етіп, игілік жаратқан, замандастарына, болашақ жастарға үлгі боларлық азаматтар аз емес. Олардың маңдай терімен жеткен жетістігін жырлап, жақсылығын жоғары деңгейде насихаттаудың маңызы мол. Біз сөз етіп отырған «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» байқауы да замандастарына үлгі боларлық жастарды қолдауға бағытталған бір егей жоба.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963