Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3560 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 07:46

Жаңаөзен комиссиясына тәуелсіз сарапшыларды тарту керек

Азат Перуашев Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеру жөніндегі Үкіметтік Комисияның құрамына тәуелсіз сарапшылар ретінде «АҚ ЖОЛ» партиясының өкілдерін қосуды ұсынды.

Азат Перуашев Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеру жөніндегі Үкіметтік Комисияның құрамына тәуелсіз сарапшылар ретінде «АҚ ЖОЛ» партиясының өкілдерін қосуды ұсынды. Осыған байланысты бүгін Комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің атына арнайы хат жолданды.

Аталған Комиссия құрылған кезде Мемлекет басшысының «...ақпараттың мейлінше ашықтығын қамтамасыз етіп, нәтижесі туралы халыққа жариялап, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тарту керек» деп тапсырғандығы хатта көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсан күні «АҚ ЖОЛ» партиясы Комиссия жұмысына ат салысуға дайын екендігін мәлімдеген болатын. Желтоқсанның 17-сіне қараған түні қабылданған «АҚ ЖОЛ» партиясының Мәлімдемесінде «Партия осы оқиғаға орай атқарушы органдардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәрежеде құқықтық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізуін талап етеді» деп атап көрсетілген.

Осыған орай, «Ақ жол» партиясының пікірінше, партияның беделді мүшелерінен жасақталған тәуелсіз сарапшыларды Үкіметтік Комиссияға тарту «Комиссия жұмысының қоғам алдындағы шынайылығы мен ашықтығын, заң қағидаларының сақталуын, бұра тартушылыққа жол берілмеуін қамтамасыз етеді».

Астана, 2011 жылғы 27 желтоқсан, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328