Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3593 0 пікір 29 Желтоқсан, 2011 сағат 12:10

Интернет-конференция: Бағдат Қожахметов (басы)

Іскер ұйымдастырушы, танымал тележурналист, ұлтжанды азамат, «31 арна» басшысы - Бағдат Қожахметов ағымдағы жылдың интернет-конференциясының жылжабар қонағы бола отырып, оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашқы легіне жауап беріп отыр.

«Абай-ақпарат»

- Құрметті бауырым, арнаңыз жөнінде ештеме айтпай-ақ қояйын, онсыз да сол арнадан басқа шындыққа жақынырақ хабар беретін арна жоқ. Осы жолы қатты ашуға тиген, Қазақстан ұлыттық арнасының ақымақтары болды. Халықты алдап кетемін деп, жалған ақпарат таратқан жүргізушілер өз орнынан кетуге тиіс деп ойламайсыз ба? Қазірде тыңдап отырсаң, жағымпаздар жарысып жатады, шаш ал десе, бас алатындардың өзі.

- Әр телеарнаның, әр БАҚ өзінің ақпараттық саясаты болады. Сондықтан өзімізден басқа телеарналардың іс-жайы туралы өз пікірімді, әсіресе, бұндай жағдайда айтпай-ақ қояйын. Ал енді 31 арнаның ақпараттық саясатын айтатын болсақ, біз ашық, айқын, сол жергілікті кез келген оқиғаның, саяси тұрғыда болсын, әлеуметтік тұрғыда болсын, ақпаратын түгелдей, барлық пікірлерді алып, жеткізуге тырысамыз. Ал енді басқа жағына келетін болсақ, бұл оқиға барлығымызға ортақ.  Біз журналистен бұрын, алдымен қазақ  елінің азаматымыз.  Сондықтан отанымызды, елімізді ойлап отырып, кішкентай кезімізден  біздің дәстүріміз бойынша, Аллаға сыйынып, Алладан еліміздін тыныштығын, елбасымызға ақыл, отбасымызға денсаулық тілейміз. Санамызда қалыптасқан осындай тәрбиелік қағидаға сүйеніп және Ата Заң ретінде пайдаланып, өзіміздің профессионалдық жұмысымызды ұмытпауымыз керек. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында тек қана атақ алу, көпке белгілі болу деген мақсат емес, ең әуелі елге ақпарат жеткізу мұраты тұруы тиіс. Ақпарат құралы - қару. Бұл қару гүл өсіруі мүмкін, сол гүлді топырағымен бірге төңкеріп тастауы да мүмкін. Сондықтан оның қасіретін біліп, байқап пайдаланған жөн.

- Дүние Қазақтарына арналған телеарна ашылса қайтеді? Шеттегі қандастарға, Қазақстанға оралған Оралмандар жайында көрсететін т.б хабарлар беретін. Қалай ойлайсыз? Сол арнаны оралман қандастар өздері жүргізсе.

Құрметпен, Жас-Алаш

- Мен ең алдымен қазақты қазақ және оралман деп екіге бөлуді құптамаймын. Біз бір елміз, бір ана, бір әкеден туғанбыз. Жалпы өзіміздің бұрынғы дәстүріміз бойынша үш жүзге, елге бөлінеміз. Бірақ ол қан араласып кетпес үшін жасалған нәрсе. Бұл генетика, денсаулық жағынан жасаған ата-бабаларымыздың көріпкелдігі деп білемін.   Ал енді ой- пиғылымызда бөлінбеуіміз керек. Біз бір елдің ұрпақтарымыз. Сондықтан бір арнаны тек оралман ағайындарға, екіншісін  арғындарға, тағы біреуін шала қазақтарға арнағанымыз, қате жібергендігіміз болар еді.  Бұл дұрыс емес қой. Ондай нәрсеге мен қарсымын. Ал енді мемлекет тарапынан шетелде, Қазақстаннан тыс жерде тұрып жатқан қазақтарға арналған телеарна ашылған, өздеріңіз білесіздер. Бірақ оның соңғы кезде істеп жатқан жұмысы көрермендендірдің көңілінен шықпайтын сияқты. Менің ойымша, концепциясы мен ішіндегі  ақпарат мазмұнын былай қойғанда таратылу жағынан да көптеген қиындықтары бар. Ал жалпы шетелде жүрген қазақтарға ақпарат жеткізетін телеарна керек. Бірақ ондай телеарнаны көтеру тек мемлекеттің құзырындағы дүние. Өйткені мұндай үлкен қаржыны тек мемлекет көтер алады.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5324