ОҚО әкімшілігі Президенттің сөзін тыңдай ма?
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті :«Сайлау әділ, ашық болып, ешқандай әкімшілік араласу болмауы тиіс!
Аламан жарыста ешқандай көлеңкесіз, бәрін заңмен жасауымыз керек. Халқымызда «береке басы-бірлік» деген бар. Сайлау елімізді ажыратпау керек. Еліміздің бірлігін нығайта түсу керек. Барлық партияларға айтарым, қанша бір-бірімізді сынасақ та, елдің бірлігін, халықтың татулығын, Қазақстанның ішіндегі тұрақтылықты ең басты мақсат етіп ұстауымыз керек. Бірлігіміздің арқасы - бүгінгі тірлік. Бұл саяси додада ешкімге басымдылық жоқ. Сайлау әділ, ашық болуы шарт. Ешқандай әкімшілік араласу болмауы тиіс!»
Елбасымыз «Мәжіліс сайлауы әділ өтіп, оған ешқандай әкімшілік араласу атымен болмауы тиіс!» деп, айтудайын-ақ айтып жатыр. Бірақ, біздің елде оны тыңдамайтындар, немесе керісінше түсініп, кері ықпал ететіндер де бар екен.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақ жол» партиясынан облыстық мәслихатқа 8 кандидат тіркелді. Осылардың ішінде облыс әкімшілігіне шақырылып, «түсіндіру» жұмыстарынан өтпегені кемде-кем. Әңгіменің ауанын түсінбеген, яғни сайлаудан өз еркімен бас тартып, «самотвот» алмағандармен облыс әкімінің орынбасарлары «жеке-жеке» сөйлесетін көрінеді. «Сайлаудан бас тартпасаң, қызметіңнен де, бизнесіңнен де айрыласың» деген бопса талайды састырып-ақ тастайтын сұрақ. «Ер болсаң, бопсаға шыда» деген сөз осыдан қалса керек.
Одан қалса, облыстағы сайлау округтерінің көбісінде аттас кандидаттар өріп жүр... Бейнебір бір атаның балалары бір ауыздан сайлауға қатысуға шешім қабылдағандай... Ол туралы жергілікті «Рейтинг» газеті жеріне жеткізе жазды да... Мысалы, облыстық мәслихатқа Шымкент қаласындағы №1 округтен барлығы 7 үміткер тіркелсе, олардың төртеуі Ақылбек, яғни 60 пайызы «бір атаның балалары» екен... Сарыағаш ауданындағы №41 сайлау округінен түсіп жатқан, іскерлігімен елімізге белгілі Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, Амангелді Сопбековпен жұмыссыз Әділ Сопбеков, Шымкенттегі №10 округтен түскен «Ернұр» корпорациясының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Ерлан Нұрмахановпен 20 жасар курьер Арнур Нұрмаханов, №11 округтегі беделді депутат, облыстық аурухананың бас дәрігері Мұқан Егізбаевпен мұғалім Серік Егізбаев бәсекеге түспек...
Сайлаудың бұндай «Оңтүстіктік» әдісін өзге өңірдегілер естісе таң-тамаша қалардай. Тап бір сайлау кандидаттарын «жасақтауда» облыстық ЦОН жұмыс істегендей...
Сонда деймін-ау, «мен не деймін, домбырам не дейді?»-дегендей, Оңтүстіктерге Президентіміз Н.Назарбаевтың сайлауға араласпау туралы талабы, сайлау заңы түк әсер етпейтін болғаны ма?