Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5782 11 пікір 2 Қазан, 2020 сағат 13:49

Халықтан тағы да кешірім сұраймыз

Сенаттың Әлеуметтік- мәдени даму және ғылым комитеті отырысында Денсаулық сақтау министрінің денсаулық сақтау саласындағы жасалып жатқан жұмыстарын жан- жақты талқыладық.

Қордаланып қалған проблемалар жеткілікті. Тозығы жеткен денсаулық саласындағы ғимараттар, медициналық құрал-жабдықтар, ауылдық жерлерде медпункттер, ФАП, ауылдық амблуториялар, білікті дәрігерлер жетіспейді. Дәрігерлер мен орта буынды мамандардың айлығы төмен. Еліміздегі дәрігерлер даярлайтын алты ЖОО - да инфекционист, вирусолог т.б. салалық мамандар даярламайды.

Соңғы он жыл ішінде екі үлкен "Салауатты Қазақстан" бағдарламасын қабылдап, оған триллиондаған қаржы бөлінгенімен Денсаулық сақтау жүйесінде оң өзгеріс болды деп айта алмаймыз. Жүйелік қателіктерге көп ұрынды. Халық сыны мен қарғысының астында қалып, көптеген азаматтарымыздың өмірін сақтап қала алмадық. Халықтан тағы да кешірім сұраймыз .

Енді мұндай қасіретті жағдайды ешқашан болдырмауымыз керек. Мұның барлығы министрге ашық айтылды. Қазір дәрі- дәрмектің екі айға жететін қоры бар. Тек бағасын қадағалап отыру керек.ИВЛ аппараттарын өзімізден шығарып жатыр. Барлық өңірлерде жаңа инфекциялық ауруханалар іске қосылатын болады.

Біз “Денсаулық саласы қызметкерлерінің мәртебесі”туралы заң қабылдауды ұсындық. Министрдің нық сөзіне қарап 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге шамасында болатынына көз жеткіздік. Министрді сұрақ жауаптың астына ала отырып, оның осы ауыр саланы жақсы білетіндігін көрдік және жанымен адал жұмыс жасайтынына тілектестік білдірдік.

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1138
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2667
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 784
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 754