Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 3644 3 пікір 5 Қазан, 2020 сағат 11:20

Қазақы попмәдениет Аксютицтің жеке меншігі ме?

Қазақты тілі мен дінінен ажырата алмаған билік жаңа құйтырқыға көшіп, ғасырлар бойы қалыптасқан ділімізге қарқынды шабуыл жасау науқанын бастады. Саны көп қазақ тілділерді құлдану рухани-мәдени үшін қара орыс нәсілшілдері боқтыққа құрылған азғындық сипатындағы қазақы попмәдениет қалыптастыруды қолға алып, түрлі вайндар, миниінтернет сериалдар түсіріп, бар билікті әлеуметтік жобаларға негізделген орталықтың директоры Александр Аксютицтің қолына беріп қарап отыр. 

«Неге Александр Аксютиц бұл орынға қонжиды, ал, елге танымал қазақ неліктен тап осындай ұлттық маңызы бар жобаға басшылық етпейді?» деген сауал өзінен өзі туындайды. 

Ресми билік тарапынан «Қазақ вайнерлері мен блогерінің құдайы» деп танылған Александр Аксютиц кім? Ол қазақ үшін не бүлдірді? деген сауалдарға жауап іздеп көрейік. Қазіргі Salem Social Media Бас директоры – Александр Аксютиц президент баспасөз қызметінде істеген, «24 KZ», «Хабар»,  «Білім және Мәдениет» арналарын басқарған, кезінде «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметін ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстанған 38 жастағы «Nur Otan»-ның сыннан өткен кадрлық өнімі. Қазақтың көбісінің теледидар қарамайтынын ұялы шұқылайтынын білетін ел көрген, жер көрген жан. Онысын өз сұхбаттарында жасырмай сөз етеді.

Енді қазақ тілділерді рухани-мәдени құлдану үшін қара орыс нәсілшілдері боқтыққа құрылған азғындық сипатындағы қазақы попмәдениет қалыптастыруды қолға алып, түрлі вайндар, миниінтернет сериалдар түсіру науқанының көрігін қыздырушы ретінде қазаққа үкілеп ұсынып отыр. Осы жолда Сашок тындырған іс қазақ тілді қоғамды дүр сілкіндірді. 

10 секундта 5 рет боқтайтын қазақ сериалы 57 млн рет қаралған деген хабарды zakon.kz жұртқа таратты.

Ол Бірінші Еуроазия арнасында Айбек Қосанның 4 минуттық бейнехабарына арқау болды.

Бейнехабарда қоғам белсендісі, "Қара шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрар Саттарқызы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми өкілі Максим Рожиндер біз осындай жобаларды бейәдеп, бейпіл сөздерден алыстау болғанға шақырамыз деп өз уәжді пікірлерін білдірсе, керісінше Salem Social Media Бас директоры – Александр Аксютиц:

- Біз аудитория қандай тілде сөйлесе соған бейімделе отырып материал ұсынамыз. Көп адамдар ақпарат құралдарын қоғамға теріс әсер етеді деп кінәләйді. Қоғам қараңғы болып бара жатыр дейді. Тәрбие отбасында беріледі. Егер балалары боқауыз болып өссе онда ата-ананың өзі кінәлі. Біз қоғамның айнасымыз. Қазір Абайдың тілімен жазсаң ешкім көрмейді. Сондықтан біз бұқараның өз тілінде сөйлейміз, - дейді.

Сонда вайнпайғамбарына, минитоптама тәңіріне айналған Сашок бізге қай бұқараның тілін айтып отыр. 

«YouTube» бейнехостингісінде әлем жұртшылығының 60%-ы сауық-сайрандық, қалған 40 %-ы танымдық роликтер мен санаға ой салар дүниелерді көреді екен. Бізде ше, өзге тілділер шайнап берген дүниелерді көріп, сыбай боқтап жүре береміз бе. Әлде орыс тілділер араластырылмайтын қазақ тілді медиажобаларға қол жеткіземіз бе? 

Осы орайда қазақ қашан өз ана тілінде «YouTube» бейнехостингісінде 40%-ы сауық-сайрандық, қалған 60%-ы танымдық роликтер мен санаға ой салар дүниелерді өзгеніңі араласуынсыз өз бетімен өмірге әкелуге жетіседі деген ой туындайды екен. Оған қара орыс нәсілшілдері мүмкіндік бере ме, жоқ па!?

Бұл Александр Аксютиц қазақ намысын таптап атын шығаруды мақсат еткен әлдеқандай домбыра сындырушы, туды таптаушы азғын біреу емес, қазақ өркениетінің түп асылына балта шабушы деп санаймыз. Оған тоқтау салып бұндай қызметтен мүлдем шеттетпесек, елдігімізге сын!

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366