Сенбі, 23 Қараша 2024
2464 11 пікір 6 Қазан, 2020 сағат 10:00

Жээнбеков Ақ үйден кетуге мәжбүр болды...

Өткен түнде демонстранттар Ақ үйге басып кірді. Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, күш құрылымдары қарсылық көрсетпеген. 

Ақ үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер отты сөндіріп жатыр.

Осыған дейін 6 қазан күні таңертең 9.00-да Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент сайлауына қатысқан партия лидерлерімен кездесетіні хабарланған.

Бішкектің орталық алаңында дүйсенбі күні парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген халық күні бойы наразылық білдірді. Олар 4 қазанда өткен сайлау нәтижесін жойып, қайта сайлау өткізуді талап етіп жатыр. Кешкі 9.00-дар шамасында митингке қатысушылар Ақ үйдің оңтүстік қақпасын бұзып кіргені хабарланды.

Бірнеше минөт өткенде атыстың дауысы естілді. Милиция арнайы құрылғылар қолданып, халықты қуа бастады. Бастапқыда арнайы жасақ наразыларды "Ала-Тоо" алаңынан және Ақ үй ғимаратынан ығыстырған.

Бірақ халық алаңды қайта басып алды.

4 қазанда Қырғызстанда Жогорку Кеңештің VII шақырылымына сайлау өтті. Оған 16 партия қатысты. Олардың тек төртеуі ғана 7 проценттік межеден өтті.

Жеңілген партиялар сайлауы кезінде әкімшілік ресурстардың көмегімен өрескел заң бұзушылықтардың орын алғанын мәлімдеді.

Ал жеңіске жеткен "Биримдик" партиясы қайта сайлауға дайын екенін жеткізді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367