Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2661 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 08:00

Тәуелсіз қоғамдық комиссия Жаңаөзендегі төтенше жағдайды алып тастауды талап етті

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Жаңаөзендегі төтенше жағдайды алып тастау керек, деп есептейді Маңғыстаудағы оқиғаларды тергеу жөніндегі тәуелсіз қоғамдық комиссияның (ТҚК) мүшелері.

«Жаңаөзендегі өмір бірқалыпты және тыныш, ешқандай қосымша регламентация мен саяси және азаматтық құқықтарды шектеудің қажеті жоқ. Біз Жаңаөзендегі төтенше жағдайды алып тастауды, ұсталғандарды босатуды талап етеміз, аймақ қалыпты өміріне оралуға тиіс», - делінген ТҚК-ның дүйсенбі күні таратқан хабарламасында.

Дегенмен, Маңғыстау облысына барып келген ТҚК мүшесі Болат Әбілевтің мәлімдеуінше, комиссия мүшелерінің ұсталғандармен, қаза болғандардың туыстарымен, ауруханада жатқан жараланғандармен кездесу немесе қандай да бір бұқаралық шараға қатысу мүмкіндігі болған жоқ.

«Бізге дыбыс жазуға, бейнеге және суретке түсіруге тыйым салынды. Тергеуші келіп, бәрін айтып беретінін, оқиға болған жерге апаратын автобусқа отырғызатындарын айтты», - деп толықтырды ТҚК мүшесі, Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Б. Әбілевтің айтуынша, Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов комиссия мүшелерімен әңгіме барысында ресми мәліметтерді ғана жариялады.

«Шенеуніктермен ұзақ әңгіме жаңа ақпарат алуға мүмкіндік бермеді. Олар тек әдеттегі ресми жауап қайтарды. Жаңаөзенде 16 адам қаза болып, 100 шақты адам жарақат алды, Шетпеде 1 адам қаза болып, 12 адам жараланды. Із-түссіз жоғалғандар жоқ, қамауға алудың немесе тергеу жүргізудің заңсыз әдістері тіркелген жоқ», - делінген ТҚК баспасөз хабарламасында.

Комиссияның ақпаратына сәйкес, «ұсталғандар ауыр жағдайда отыр, олар үшін туыстары мен адвокаттармен кездесу шектелген».

«Біз Шетпеге келгенде 25-30 тұрғынмен кездестік. Олар бәрін айтып берді. Ол әңгіменің толық жазбасы бар», - деді Г. Ерғалиева.

Еске сала кетейік, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 17 желтоқсанда Шетпе станциясындағы тәртіпсіздіктерге тосқауыл қойылды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында және Шетпе станциясындағы тәртіпсіздіктер кезінде 17 адам қаза болды.

ІІМ ақпаратына сәйкес, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған және оған белсенді түрді қатысқан 40 адам анықталды, оның 18-і қамауға алынды. Шетпе ауылындағы оқиғадан кейін 10 адам қамауға алынды. 16-18 желтоқсанда түрлі жарақаттар алған полицияның 35 қызметкері медициналық көмекке жүгінді.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді. 4 қаңтарда президенттің жарлығымен ТЖ 31 қаңтарға дейін ұзартылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366