Ұлықбек Есдәулет. Қанды жұма
Жаңаөзен құрбандарына
«Тарылдың деп несіне мұнша,
Заман?»
Толқып еді алаңда мың сан адам,
Қаскүнемдер қынадай қырып салды,
Құмырсқадай өз халқын құл санаған.
Бостандықты қылтиып қауыз жарған,
Жайпап өтті қанды қол жауыз жалған.
Шын бейнесін көрсетті шибөрілер
Заманбек, Алтынбекпен ауызданған.
Қазақстан қаралы,
Қан сасыған,
Қаныпезер биліктен жан шошыған.
Адамзаттың боялды ары қанға,
Жаңаөзеннің бұл қанды моншасынан.
Ен байлыққа биліктің көзі қызып,
Өзі жазған заңдарын өзі бұзып,
Алашымда ажалдың елесі жүр,
Азаттықтың аузынан сөзін үзіп.
Есі бар ер қанға елін батыра ма?
Билік деген айуан ба аты жаңа?
Қанды қолмен бетіне грим жағып
Қатыгездер шығыпты сахнаға.
Таптап жатса арымды көнбек пе едім,
Өзектіге бір өлім келмек дедім...
«Адам қаны - су емес!» дейтін еді,
Суша ағызды өзімнің жендеттерім.
Қырылғанын халықтың көрді ғалам,
Қайта бастық құлдыққа қанды қадам.
Тіліміз бен діліміз кері кетті,
Бостандығы басынан мандымаған.
Құрбандықты құқ қайда бағаларға,
Шейіт болған шындықты шамаларға?
«Сұрауы бар судың да!»,- дейтін қазақ,
Мұнша қанның сұрауын таба алар ма?
Қарақшыны қанды қол замандас қып,
Жаңаөзен құрбандарына
«Тарылдың деп несіне мұнша,
Заман?»
Толқып еді алаңда мың сан адам,
Қаскүнемдер қынадай қырып салды,
Құмырсқадай өз халқын құл санаған.
Бостандықты қылтиып қауыз жарған,
Жайпап өтті қанды қол жауыз жалған.
Шын бейнесін көрсетті шибөрілер
Заманбек, Алтынбекпен ауызданған.
Қазақстан қаралы,
Қан сасыған,
Қаныпезер биліктен жан шошыған.
Адамзаттың боялды ары қанға,
Жаңаөзеннің бұл қанды моншасынан.
Ен байлыққа биліктің көзі қызып,
Өзі жазған заңдарын өзі бұзып,
Алашымда ажалдың елесі жүр,
Азаттықтың аузынан сөзін үзіп.
Есі бар ер қанға елін батыра ма?
Билік деген айуан ба аты жаңа?
Қанды қолмен бетіне грим жағып
Қатыгездер шығыпты сахнаға.
Таптап жатса арымды көнбек пе едім,
Өзектіге бір өлім келмек дедім...
«Адам қаны - су емес!» дейтін еді,
Суша ағызды өзімнің жендеттерім.
Қырылғанын халықтың көрді ғалам,
Қайта бастық құлдыққа қанды қадам.
Тіліміз бен діліміз кері кетті,
Бостандығы басынан мандымаған.
Құрбандықты құқ қайда бағаларға,
Шейіт болған шындықты шамаларға?
«Сұрауы бар судың да!»,- дейтін қазақ,
Мұнша қанның сұрауын таба алар ма?
Қарақшыны қанды қол замандас қып,
Қайтадан біз құлдыққа қадам бастық.
«Желтоқсаннан жан қалса тәуба» десіп,
Наурызға жеткендей амандастық.
Аялаған ақ сенім ұшып оққа,
Ақиқаттың ақ туы түсіп отқа,
Азап шегіп әділдік іздегендер,
Жағымпаз бен жемқорлар кісі боп па?
Жалмауыз бен қорқаудың сұмдық ісін,
Жаба тоқып жүргеннің тірлігі сұм.
Жүрелете алмайды ешкім бізді,
Жаралмаған қазағым құлдық үшін!
Көтерілген бас болса қырқа келер,
Арсыз билік алды-артын құрта берер.
Қырандығын көрсетті қазақ тағы,
Нағыз қыран биікте шырқап өлер!
"Абай-ақпарат"