Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2557 1 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 11:47

Мемлекет басшысы Алик Шпекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады.

Қазақстан Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысына жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзету енгізілгені және Дүниежүзілік банктің жемқорлықты бақылау индексіндегі еліміздің көрсеткіші айтарлықтай жақсарғаны туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес кешенді әрі дәйекті түрде жаңғыртуды жалғастырудың маңызды екенін атап өтіп, жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы тапсырмалардың сапалы жүзеге асырылу және мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелдік шоттарының болуына тыйым салу қажеттігіне назар аударды.

Кездесу соңында Президент алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізудің және бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына жүйелі бақылау жасаудың маңызды екенін айтты. Бұл пандемия кезінде өте өзекті болып табылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511