Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2838 0 пікір 11 Қаңтар, 2012 сағат 12:13

Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің буын кінәлі емес...»

Бүгін Алматыда бір топ өнер және мәдениет қайраткерлеріне Елбасы президент степендиясын тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент степендиясы иегерлерінің қатарында Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Асанәлі Әшімов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Фариза Оңғарсынова, Меруерт Өтекешова, Зәмзәгүл Шәріпова, Гүлнәр Досматова, Юрий Аравин, Анатолий Молодов, Қалихан Ысқақ, Нұртас Исабаев, Сәкен Иманасов, Тұрсынжан Шапай, Әмір Бейсенғалиев, жас әнші Ерболат Құдайбергеновтар бар екен.

Музыкатанушы Юрий Аравин өз сөзінде президентке алғысын айта келіп, елбасынан зейнеткерлікке шықпауын сұрады, дейді Tengrinews.kz

Tengrinews.kz-тің жазуына қарағанда, аталған шара барысында президент Н.Назарбаев Қазақстан жастарын Еуропадағы, араб елдеріндегі төңкерістерге еліктемеуге шақырып: «Біз қазір Қазақстан халқының бірлігін, толеранттылығын, өзара сенімін нығайтуға талпынып жатырмыз. Біздің ең басты жетістігіміз  Қазақстанды бірге құрып жатқандығымыз. Біз мемлекетті дамытуымыз керек және біздің қалай тұрып жатқанымызға қызғанышпен қарайтындардың бар екенін, сондықтан да олардың біздегі жағдайдың керісінше болғанын қалайтынын  жастарға түсіндіріп айтуымыз қажет. Оның үстіне төңкеріс болған елдердің экономикасы 10-15 жылға шегініп кетті»,-  депті.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті мемлекеттік тіл туралы да өз ойын айтты, деп жазады news.mail.ru әлеуметтік желісінің ақпараттық парақшасы. (http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/7789482/?frommail=1)

«Қазір Қазақстан өзінің мемлекеттік тілін қалпына келтіріп жатыр. Дін қайта оралды. Көріп отырғанымыздай, бұл іс кезең-кезеңімен іске асып келеді. Ақша бөлініп, назарға алынды. Қазіргі уақытта барлық мектептерде балалар мемлекеттік тілде сөйлейді. Бұл қалыпты жағдай.

Ал, мемлекеттік тілді білмегеніне біздің буын кінәлі емес. Тіпті, қазақтардың 30 пайызы қазақ тілін жақсы білмейді. Бұдан олардың қазақтығы кеміп қалды ма? Бұл мәселеге бәрін таразылап, адамгершілік тұрғыдан қарау керек. Бәрі қалыпты, тыныш жүріп жатыр. Оза шабудың қажеті жоқ», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394