Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2230 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 07:45

Интернет-конференция: Дос Көшім (жалғасы)

Жексенбі күні өтетін сайлауға орай «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім мырзамен сайлау хақында өткізілген конференция мәресіне жетті. Оқырмандар жолдаған соңғы бірнеше сауалға жауап берген Дос Көшім: «Сайлауға сенім осы уақытқа дейінгі  сайлаулардың әділетсіз өткендігінен ғана кетті» деген ойын жеткізіпті.

«Абай-ақпарат»

- Дос аға, ой-толғамдарыңызды оқыдым, рахмет!

Әрбір қала, ауданда сайлау орталықтары бар. Төрағасы -  Нұротаннан, ал, орынбасарлары басқа партиялардан қойылған. Шындығына келгенде, елді-мекендерде «Коммунистік» партия да, «Ақ жол» да, «Руханият» та жоқ. Партиялардың белсенді жұмысында көрмейсің. Бірақ осындай кезекті сайлауларда әлгі партиялардың барлығы Аралдың табанына жасырынып, су келген соң қайта тірілген тұз балықтар сияқты қыбырлап жүреді. Бұл нені білдіреді? Саясаттан ба әлде өтірікке әбден малданған халықтың «жамандығынан» ба? Әлде науқан кезінде ғана партия екені есіне түсетін қуыршақтардан ба?  Бәлкім, билік қоғамдық саяси институттардың дамуын қаламай ма? бұған не дейсіз?

ҰЛЫҚБЕК ҚАПТАҒАЙ

Жексенбі күні өтетін сайлауға орай «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім мырзамен сайлау хақында өткізілген конференция мәресіне жетті. Оқырмандар жолдаған соңғы бірнеше сауалға жауап берген Дос Көшім: «Сайлауға сенім осы уақытқа дейінгі  сайлаулардың әділетсіз өткендігінен ғана кетті» деген ойын жеткізіпті.

«Абай-ақпарат»

- Дос аға, ой-толғамдарыңызды оқыдым, рахмет!

Әрбір қала, ауданда сайлау орталықтары бар. Төрағасы -  Нұротаннан, ал, орынбасарлары басқа партиялардан қойылған. Шындығына келгенде, елді-мекендерде «Коммунистік» партия да, «Ақ жол» да, «Руханият» та жоқ. Партиялардың белсенді жұмысында көрмейсің. Бірақ осындай кезекті сайлауларда әлгі партиялардың барлығы Аралдың табанына жасырынып, су келген соң қайта тірілген тұз балықтар сияқты қыбырлап жүреді. Бұл нені білдіреді? Саясаттан ба әлде өтірікке әбден малданған халықтың «жамандығынан» ба? Әлде науқан кезінде ғана партия екені есіне түсетін қуыршақтардан ба?  Бәлкім, билік қоғамдық саяси институттардың дамуын қаламай ма? бұған не дейсіз?

ҰЛЫҚБЕК ҚАПТАҒАЙ

- Меніңше, сіздің айтқан себептердің барлығы да бар. Сайлау келгенде «тірілетін балықтар» - Қазақ елінде көп партиялы жүйе бар екендігінің «дәлелі» ретіндегі көлеңке көрсеткіштер. Олардың сайлау арасындағы тіршіліктерін, жүзеге асырған іс-әркеттерін (дұрысында, әрекетсіздіктерін) халық жақсы  біледі. Сондықтан бүгінгі партиялардың 80 пайызын партия деп айту да қиын. Екінші ойыңыздың да жаны бар. Егер билік көппартиялық жүйені дамыстқысы келсе, өркениетті елдерде оның сан түрлі механизімі бар. Өкінішке қарай, бізде сол жолдардың бір де бірі жоқ.

- Депутаттардың ішінде Қазақстан тарихында «мен зейнет жасына келдім», - деп абыромен зейнеткерлікке кеткен депутат болды ма?

- Өткен шақырылмдағы Депутаттардың ішінде, ұмытпасам, біреуі (үлкескерлердің есебінен үй салған алпауыт болуы керек) өз еркімен кеткен сияқты. Нақты аты-жөні есімде жоқ.

- Дос мырза, Президент Конституциялық Кеңестің шешіміне не себепті вето қойды деп ойлайсыз? Бұл кезекті ойын ба, әлде жұртқа "жақындаудың" тәсілі ме?

Жаңаөзенде билік партиясынан басқа саяси партиялар сайлауалды науқанын жүргізе ме? Оған билік рұқсат бере ме, әлде кедергі ойлап табуы мүмкін бе?

"Жаңаөзендегі тұтыну тауарларының бағасы өзге аймақтардан арзандатылды" деп мемлекеттік БАҚ айтып жатыр. Бұл саясат ел ішін бөлшектемей ме? Азаматтардың наразылығын тудырады деп ойламайсыз ба? Және азық-түлік бағасын арзандату арқылы Жаңаөзендегі күрделі жағдайды жеңілдетпек болып отырған биліктің ісі күлкілі емес пе?

Сайлаудан сенім неге кетті?

Осында Құрманғазы Рахметов деген азаматтың медалға қатысты сұрағы болып еді. Жаңылмасам, Сіздер, "Желтоқсан" медалін тағайындап, оны Президентке, Н.Сәбиляновқа және тағы бірнеше адамға беріпсіз. Құрекең сол жайлы сұрап еді, бұған не дейсіз?

Осы сайлауда әділетсіздіктер орын алып жатса, халық өз құқын қорғап, (Ресейдегідей) әділдікті талап ете алатындай дәрежеде деп ойлайсыз ба? Егер олай болмаса, қоғамның саяс-құқықтық сауатын көтеру үшін қандай кешенді шаруалар жасалу қажет деп білесіз?

- Президенттің ветосына мен де түсіне алмадым. Егер төтенше жағдай сақталса, кандидаттар халықпен кездесу өткізіп, жиын, шеру жасай алмаса, сайлаудың (кандидаттар арасындағы тартыстың) болғанынан болмағаны дұрыс.

Басқа партиялардың сайлау науқанын жүргізу, жүргізбеуін сол партиялардан сұрау керек сияқты. Менің көзқарасым - төтенше жағдай кезінде сайлау науқанын жүргізуден бас тарту қажет.

Сіздің ойыңызды қолдаймын. Егер әлеуметтік мәселе шиленіскен жағдайда, халықты тыныштандыру үшін, тек сол аймақтағы бағаны төмендетсе, бұл - барып тұрған ақымақтық болады.

Сайлауға сенім осы уақытқа дейінгі  сайлаулардың әділетсіз өткендігінен ғана кетті.

«Ұлт тағдыры» қозғалысы 1986-1990-ншы жылдардағы тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарға Алғыс хат дайындап тапсыруға мұрындық болды. Ол хат (биліктің сол кезеңдегі азаматтарға рахмет айтпасы белгілі) 1000-ға жуық азаматтарға берілді. Бұл жұмысқа «Ақ жол» партиясы да ат салысты. Демек, сіз жаңылдыңыз. Ал «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі «Желтоқсан ардагері» деген төс белгі шығарып, соның біреуімен мені және Хасен Қожа-Ахметті марапаттады. (олар да биліктен күдерлерін үзіп, желтоқсаншыларды  өздері марапаттауға кіріскен сияқты). Басқа кімдерге береді, ол жағында менің жұмысым жоқ. Құрманғазының сұрағын оқыдым. Менің таң қалғаным, ол азамат «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің құрылғаны елді бөлшектеп жібереді деген ой айтыпты. Меніңше, 1989 жылы құрылған, Хасен мен Аманжол сияқты азаматтар басқарған ұйымнан (олар партияға да айналмақшы болған) кейін Гүлбаърам да, Гүлнәр де, Үміт те, Бақытбек те, Төлеген де т.б. өз бірлестіктерін құрды. Құрманғазы оларға да осындай айыптар тақты ма, білмеймін. Құреке, әр адамның, әр топтың қоғамдық бірлестік құрып, белгілі бір қоғамдық  мақсат үшін жұмыс істеуіне толық құқығы бар. Бұл жерде іштарлық болмауы керек. (Оқырмандарға айта кетейін, Құрманғазы Президенттікке түсемін дегенде, «Желтоқсан ақиқаты» ат сабылтып, қол жинап, өз мүмкіндіктерінше жұмыс істеген. Бұл жұмысқа «Ұлт тағдырының» жергілікті бөлімшелері де ат салысты ). Егер олар жұмыс істей алмаса немесе жасаған жұмыстары адамдардың көңілінен шықпаса, халық өзінің бағасын бере жатады. «Ұлт тағдыры» құрылғанда да, бізбен жағаласып, «Халық дабылы», «Ел болашағы» деген ұйымдар құрылды. Біз оларға шын көңілімізбен батамызды бердік. Өкінішке қарай, олар бір жылдың көлемінде жұмыстарын тоқтатты... Құрекеңнің тағы бір адасуы - «Желтоқсан ақиқатының» құрылуына менің қатасым бар деген пікірі. Олардың құрылтайында менің: «Біз («Ұлт тағдыры») атқарушы директорға жарымай-ақ қойдық. Бізге келген адамдар екі-үш жылдан соң, өздеріне жаңа құрылым құрып алып кетеді» дегенім бар. Сондықтан менің «Желтоқсан ақиқатын» құруға ешқандай да қатысым жоқ. Ал, егер ол ұйымның және басқа да ұйымдардың ұлттық бағыттағы іс-әрекеттеріне ат салыссақ, қолдасақ - бұл біздің ортақ мақсат жолындағы басты ұстанымыз деп түсіну керек. Бір бірінің артынан ши жүгірпей, «бірін-бірі батыр» дейтін уақыт әлдеқашан жетті. Барлық ұлттық ұйымдар біздерден үлгі алсын!

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір