Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2670 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 11:14

Қазыбек Исадай қайсар қайраткері бар «Ақ жол» партиясын қолдаймыз!

Ұлт мүддесі үшін қайрат көрсетіп келе жатқан Алаш партиясының ізбасары «Ақ жол» партиясының негізін қалаушылардың бірі, партия үшін отқа да, суға да түскен президиум мүшесі Қазыбек Иса- ұлт қайраткері, шыншыл журналист әрі майталман қаламгер. Оның жазатын негізгі тақырыбы - ұлт мүддесі. Ол қашанда қазақ мәселесін қоғам алдында ашық және батыл түрде айтып та, жазып та жүр. Оны оқығанда күйіне отырып, екі езуің екі құлағыңа жетіп күлесің. Күйінетін жерің - ұлттың тап болған бүгінгі ауыр жағдайы, ал күлетін жерің - осыған кінәлі шенеуніктің, болмаса бір жағымпаздың әжуа кейпі. Суретші ғой.

Қазыбек - суретші. Жақсы суретші. Бес жыл көз майын тауысып оқып, алған мамандығы осы. Қазыбек  - ақын. Тума талант ақын! Лирикалық нәзік сезімнің патшасы десек артық емес. Себебі оның жазған өлеңдерін оқып отырғанда, сол нәзік, тәтті, шырын сезімдер жаныңды рахатқа бөлеп, қанат бітіріп, асқар шыңның басына шығарып тастайды. Жаның жай тауып, керемет бір күйге енесің.

Ұлт мүддесі үшін қайрат көрсетіп келе жатқан Алаш партиясының ізбасары «Ақ жол» партиясының негізін қалаушылардың бірі, партия үшін отқа да, суға да түскен президиум мүшесі Қазыбек Иса- ұлт қайраткері, шыншыл журналист әрі майталман қаламгер. Оның жазатын негізгі тақырыбы - ұлт мүддесі. Ол қашанда қазақ мәселесін қоғам алдында ашық және батыл түрде айтып та, жазып та жүр. Оны оқығанда күйіне отырып, екі езуің екі құлағыңа жетіп күлесің. Күйінетін жерің - ұлттың тап болған бүгінгі ауыр жағдайы, ал күлетін жерің - осыған кінәлі шенеуніктің, болмаса бір жағымпаздың әжуа кейпі. Суретші ғой.

Қазыбек - суретші. Жақсы суретші. Бес жыл көз майын тауысып оқып, алған мамандығы осы. Қазыбек  - ақын. Тума талант ақын! Лирикалық нәзік сезімнің патшасы десек артық емес. Себебі оның жазған өлеңдерін оқып отырғанда, сол нәзік, тәтті, шырын сезімдер жаныңды рахатқа бөлеп, қанат бітіріп, асқар шыңның басына шығарып тастайды. Жаның жай тауып, керемет бір күйге енесің.

Ең бастысы Қазыбек - нағыз ұлт патриоты! Кезінде жерді сатуға, қазақстандық ұлт идеясына, дүбәрә доктринаға, жалпы ұлтқа пайдасы күмәнді барлық мәселелерге жан-тәнімен қарсылық көрсетті және қарсылық көрсетіп келеді. 2004 жылы қазақ тіліне қарсы шыққан  парламент депутаттарының 90 пайызының жабуын жұлып алып, әшкерелеген көзсіз ерлігін ел ұмытқан жоқ. Кешегі елді дүбірге бөлеген ұлт зиялыларының мемлекеттік тілдің Атазаңға сай дара статусын қолдаған 138-дің хатын жазып, бастамашы болуы да жеке әңгіме өзегі.

Мысалы, Жаңаөзендегі жағдайға байланысты көптеген мүйізі қарағайдай жазушы, ақынсымақтар қарапайым халықты кінәласа, Қазекең «Мұнай орнына қан ағызғандар қатаң жазалансын! Атқызған кім? Атқан кім?» деп айқай салып  шықты(«Жас қазақ үні» газеті, 22.12.2011ж). 

Қазір екі адамның бірінің аузында сайлау туралы әңгіме. Мен өзімше қазақтардың арасында сауалнама жүргізіп көрген едім. Байқағаным: «Ақ жолға» дауыс беретіндер молынан жеткілікті.

Бұрын ұлтжанды қазақтар Азат Перушевты онша білмейтін еді. «Жас қазақ үні» газетінің арқасында, Қазыбек Исаның ойлы да, өткір мақалаларынан халық Азаттың  ұлттық мүддеге сіңіріп жатқан еңбегін  таныды. Жақсы жағынан көре бастады. Егер Азат Перуашев анық Қазыбек жазғандай ұлтшыл саясаткер болса, қазақтар оны қашанда қолдауға дайын. «Ұлт тағдыры» (Дос Көшім), «Ұлы дала» (Айдос Сарым) қоғамдық қозғалыстарының «Ақ жолдың» аясынан табылып, бірлесіп әрекет етіп жатқанына қарағанда, жалған сөйлемейтін Қазыбектің жазғандары шындық деп білуге болады.

«Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашевтың да, қазір барлық партиялардың ішінде, барлық Мәжіліске кандидаттардың ішінде, көп ішінде бір жалғыз болып келе жатқан дара дарын, ұлт қайраткері  Қазыбекті партияның сайлау жорығында майданның алдыңғы шебіне салып жүргені де бізді қуантады. Қазыбек ұлт мүддесін, «Ақ жолдың» ұлтттық саясатын елге еркін насихаттауға мүмкіндік алуда. Мысалы, мен өзім таратқан «Жас қазақ үні» газетін оқығандар бірден «Ақ жолға» дауыс беруге шешім қабылдап жатқанына талай куә болдым. Ұлы император Наполеон Бонапарттың «үш мың сарбаздан бір газет қауіпті» дегені босқа айтылмаған екен дейсің... Ал Қазыбек небір қалталылардың, одақтар мен партиялардың басылымдары жабылып қалып жатқанда ұлт үшін осы «Жас қазақ үні» газетін аяққа тұрғызып, елге белгілі тәуелсіз басылым етті. Енді Қазыбектің ұлт мүддесі жолындағы  қарқыны Құдай қаласа, Парламент Мәжілісінде жалғасса, нұр үстіне нұр болар еді... Бұл көптің тілегі. Құдай көптің тілегін береді дегенге біз сенеміз.

Қазыбек Исаны суретші, ақын, жазушы, журналист деп қана емес, Алаш ардақтыларының жолын жалғастырушы ұлтшыл жан деп білу лазым. Сондықтан мен осы азамат үшін алдағы сайлауда «Ақ жол» партиясына дауыс беремін. Жалғыз мен емес, Қазыбек үшін «Ақ жолға» дауыс беретін қазақтар көп. Себебі, мұндай ұлтшыл азамат депутат болса, ұлт мүддесі Парламент төрінен айтылады деген сөз. Қазыбекті сайлау барысында ел өте жақсы қабылдап, арызын айтушылардың көбейіп тұрғаны да көп нәрсені аңғартады. 2004 жылы сайлауда 80 пайыздан аса дауыс жинаса да, белгілі себептермен «сайланбай» қалғаны белгілі. Сонда Қазыбек 43,6 пайызбен тек «Ақжолдықтар» ішінде ғана емес, бүкіл Мәжіліске кандидаттар бойынша  ең бірінші орын алған еді... Сонда, Мақтарал ауданының бір аулында елге белгілі ақсақалдың «Мен өзім бүгін көріп, сөзін тыңдап отырған Қазыбекті егер ертең сайлауда құлатса, мен бір апта жылаймын» дегені бар еді. Өкінішке орай ол кісінің күдігі расқа айналды... Сондай ақсақалдар бастаған қарапайым халық әліге дейін Астанадан бір жақсы хабар күтумен жүр...

Егер билік ұлт мүддесінің ел саясатында кемшін тартып келе жатқанын мойындап, оны арттыратын кез баяғыда жеткенін білсе, онда ең болмағанда осы бір ұлтшыл азамат, дарынды ақын, қайсар қайраткер - Қазыбек Исаны Мәжіліске жіберуі керек.  Салық декларациясы дейді, басқа дейді, Мәжіліске кандидаттар тізімнен түсіп қалып жатыр... «Ақ жолдан» да 63 үміткерден 55 қана қалды. Ал бүкіл ұлт патриоттары әр осындай оқиға сайын «Қазыбекті құдай сақтаса екен» деп қалтырай қадағалап отыр...

Ұлттық тұжырымдама жасаған жалғыз партия, «Алға өрлететін - өзгерістер» аталған сайлау тұғырнамасында «Мемлекет ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс» деп мәлімдеген партия - «Ақ жолды» ұлт патриоттары мен мемлекет мүддесін қорғаушы барлық азаматтар қолдауы тиіс деп сенемін.

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ, ұлт патриоты, математик.

Қыдырәлі ДӘУЛЕТБАЕВ, «Ел болашағы» қозғалысы Алматы қалалық филиалы атқарушы директоры.

Өмірбай САБЫРОВ, «Ұлт тағдыры» Тараз қалалық филиалы төрағасы.

Серік АБАЙ, Сағидолла МЕРГЕНБАЕВ, Алматы облысы Еңбекшіқааазақ ауданы ұлт патриоттары жетекшілері.

Әуелхан ШОНЖАН, ОҚО Арыс, Отырар, Мақтарал, Шардара аудандары ұлт патриоттары жетекшісі.

Өмірзақ АҚЖІГІТ, ұлт патриоты, журналист және т.б.

0 пікір