Қазақстанда ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы (төменгі палата) дүйсенбіде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында басталды деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы (төменгі палата) дүйсенбіде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында басталды деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Дүйсенбіде Астанада Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтіп жатыр, оған елорданың аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және мүшелері қатысуда.
Заңнамаға сәйкес Ассамблея Кеңесі депутаттыққа барлығы 9 үміткер ұсынған: «Тұрақты Қазақстан» қорының жетекшісі Жұматай Әлиев, Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы басқармасының мүшесі Мұрат Ахмадиев, «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы кеңесінің мүшесі Егор Каппель, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Роман Ким, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы кеңесінің мүшесі Надежда Нестерова, Астана қаласындағы «Тан» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Зухра Саяпова, ҚХА төрағасының орынбасары, «Қазақстан украиндері радасы» одағының төрағасы Юрий Тимощенко және «Дустлик» республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Розакул Халмурадов.
Еліміздің орталық сайлау комиссиясы барлық үміткерлерді өткен жылғы 30 желтоқсанға дейін тіркеген.
ОСК мәліметі бойынша, үміткерлердің орта жасы 59. Барлығы жоғары білімді. Алтауы ғылым, мәдениет және білім қызметкерлері болып табылады. Тағы үшеуі-Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаттары.
АСТАНА, 16 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz