Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2634 0 пікір 16 Қаңтар, 2012 сағат 06:14

Шәріпхан Қайсар. Күмбезді күйік шалды

Мешіт күмбезін күйік шалды...

Астанада егемен ел болғалы биліктің өзі бас болып ұйымдастырып, 2010 жылдың қазанынан бастап салуды қолға алған Жаратқанның үйі егемендіктің  20 жылдығында бітпей қалды. Бітіруін бітірер еді, бірақ апыл-ғұпыл салынған, сыз бен ылғалдан арылмаған құрылысты қабылдауға президенттің өзі де бармастан, «жазда тапсырылсын» депті.

Бұл «Хазірет Сұлтан» бас мешіті астанаға көрік бере бастағанын жасырған күнә болар. Бірақ неге екені белгісіз бұған жұмсалып жатқан қаржыны билік жағы азаматтардың есебінен деп иба сақтап отыр. Шынында да оны кімнің қаржысына салып жатқанын білмедік. Ол жағын Алла білер, бізге біліп керегі де жоқ. Алайда, арам ақша болмаса жарар.

Әзірге білетініміз, бұл құрылыс иман жолына салынған қыруар қаржыға тұрғызылып жатқандығы. Алаңы - 11 гектар, ғимараттың жалпы  алаңы - 17700 шаршы метр.  Бас күмбездің биіктігі - 51 метр, диаметрі - 28,1 метр. Төрт құбылаға тұрғызылған төрт мұнараның биіктігі - 77 метр. Қысқасы, Ортаңғы Азиядағы ең алып мешіт әзірге осы.  Бірақ...

Сайлау науқаны күнгі түстен кейін астананың негізгі өртке қарсы күші осы мешітке қарай ағылды. Сағат 15-тен өте салынып бітпеген орталық  мешіттің бас күмбезін өрт шалғаны туралы ақпар жаһанды кезіп кетті. Өртке Төтенше министр Божконың өзі келіп, соңғы технологиямен жарақтанған бар мүмкіндігін салды, 30-дан аса техника қарамы 180-дей адамымен іске кірісті. Өрт барынша жоғары 3-дәрежелі ретінде мәртебеленіп, елордалықтар барын салып тілсіз жаумен алысты. Абырой болғанда кісі шығыны мен зардап шеккендер болған жоқ. Мамандардың айтуынша, күмбезге айқыштай салынған ағаш, дәнекерлеу кезінде қызып өрт шыққан көрінеді. Айтулы күнді өрт шалғандай запы болған билік тайлы-тұяғы қалмай шапты, әйтеуір.

Бірақ ішімізді қылп еткізген жаман ырымнан құтыла алмадық. Ырымды Жаратқанның белгісі деп ұққан бабаларымыз оның алдын алуға ұмтылатын. Күмбезді күйік шалды...  Мынау көп өрттің бірі болса да, елдің имандық ордасы болмақшы бас мешіттің басын күйік шалғаны әлденені меңзеп тұр ма, білмедік... Бәленің беті әрмен!

Десек те, алдамшы сайлау мен саясаттан адам түгіл әруақ та шаршағандай ма, қалай? Талай уәдеге малданып, талай өтірікке қомданған кеудені күйік шалғалы қашан... май ішкендей. Кім біледі, Алла тарапынан «алдарларға» берілген соңғы ескерту болмасын. Қорқаулардың бәлесі елге тимей, өздерімен бірге кетсін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401