Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2589 0 пікір 18 Қаңтар, 2012 сағат 04:41

Төре Бек. Бұл кімнің ескерткішіне арналған тұғыр?

Өткен айдың тамызынан бастап Талдықорған қаласындағы облыстық әкімдік ғимараты алдындағы алаңның екінші бетіне орналасқан Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының оң жағындағы шағын саябақтың астаң-кестеңі шығарылып, аумақты алқапта  тереңдігі бірнеше метр, көлемі де қомақты ор қазылып, арматура мен бетоннан алып бірнәрсенің іргетасы құйыла бастады.  Оның не екені жайлы  облыс және қала басшылығы жұртшылыққа ешқандай түсініктеме бермеді. Ақыры желтоқсанға таман үлкен мемориалды ескерткіштің сұлбасы көрініс беріп, мәрмәр және гранитпен қапталған сахна тәріздес алаңқайдың ортасына алып ескерткішке арналған тұлғалы тұғыр орнатылды. Тұғырдың үлкендігі мен оның айналасының кеңдігі, астындағы іргетасының да соншалықты мықты құйылғаны тұғырға қонатын ескерткіштің де осал болмайтынын байқатқандай еді. Тәуелсіздік мерекесі жақындаған тұста тұғырдың екі қапталындағы гранит тастарға Елбасының елге қызмет етудің абыройлы міндет екендігіне қатысты  сөзі алтын жалатқан әріптермен орысша және қазақша жазылып, орналастырылды. Сол кезде қалалықтар да мемориалды кешеннің кімге арналғанын болжағандай болған-ды. Дегенмен желтоқсанның ортасына таман «Мемлекет басшысы ескерткішті орнатуға келісімін бермепті» деген әңгіме шыға бастады. Ақыры тұғырға ағаш сырыққа қадалған бес метрлік туды орнатқандар, екі қапталдағы тақта тастарға жазылған сөздерді де сыпырып тастады.

Өткен айдың тамызынан бастап Талдықорған қаласындағы облыстық әкімдік ғимараты алдындағы алаңның екінші бетіне орналасқан Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының оң жағындағы шағын саябақтың астаң-кестеңі шығарылып, аумақты алқапта  тереңдігі бірнеше метр, көлемі де қомақты ор қазылып, арматура мен бетоннан алып бірнәрсенің іргетасы құйыла бастады.  Оның не екені жайлы  облыс және қала басшылығы жұртшылыққа ешқандай түсініктеме бермеді. Ақыры желтоқсанға таман үлкен мемориалды ескерткіштің сұлбасы көрініс беріп, мәрмәр және гранитпен қапталған сахна тәріздес алаңқайдың ортасына алып ескерткішке арналған тұлғалы тұғыр орнатылды. Тұғырдың үлкендігі мен оның айналасының кеңдігі, астындағы іргетасының да соншалықты мықты құйылғаны тұғырға қонатын ескерткіштің де осал болмайтынын байқатқандай еді. Тәуелсіздік мерекесі жақындаған тұста тұғырдың екі қапталындағы гранит тастарға Елбасының елге қызмет етудің абыройлы міндет екендігіне қатысты  сөзі алтын жалатқан әріптермен орысша және қазақша жазылып, орналастырылды. Сол кезде қалалықтар да мемориалды кешеннің кімге арналғанын болжағандай болған-ды. Дегенмен желтоқсанның ортасына таман «Мемлекет басшысы ескерткішті орнатуға келісімін бермепті» деген әңгіме шыға бастады. Ақыры тұғырға ағаш сырыққа қадалған бес метрлік туды орнатқандар, екі қапталдағы тақта тастарға жазылған сөздерді де сыпырып тастады. Соған қарағанда, жоғарыдағы сөз рас болар...
Сондай-ақ, өткен жылы күзде  Алдабергенов пен Қонаев көшелерінің қала шетінде қиылысатын жерінде заманамыздың заңғар тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнатуға қатысты құрылыс жұмыстары басталған еді.  Шағын ғана алаңқайдағы қарбалас бірде саябырсып, бірде қарқын алып әлі күнге жалғасып келеді. Дегенмен, орталық алаңдағы алып мемориалмен салыстырғанда, мұндағы көрініс баланың ойыншығы сияқты. «Қонаевтың 100 жылдығында орнатылады» дегенмен әлі ештеңенің нышаны байқалмайды.  Ел болса: «Қазақ үшін, оның ішінде Жетісу жері үшін талай жұмыстарды атқарып, жұрт жүрегінде жатталып қалған тұлғаның ескерткішін орталық алаңда бос тұрған тұғырға қондырса, Президенттен бастап, облыс, қала басшылығы да үлкен абыройға кенелер еді, халықтың алғысына ие болар еді» деп қоғамдық пікір туғызуда. Қалай болғанда да бірер айда қыруар шаруасы атқарылған, қандай ескерткіштің болсын айбынын асырып, мерейін тасытатын дайын тұғырдың бос тұрғаны ырымға ғана жаман емес, көзге де ерсі көрінеді екен.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395