Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4943 0 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 18:45

Демографиялық өсім: Түркістан облысы бірінші орында тұр

Статистика комитетінің 2020 жылғы 28 қазандағы ақпаратына сүйенсек, еліміздегі халық саны қазіргі таңда 18 785,5 мың адамды құрады. Атап айтқанда, мұның 58,5 пайызы немес он бір миллионға жуығы қала тұрады екен. Ал Республика аумағындағы әр түрлі ауылдарда тұратын қазақстандықтардың жалпы саны сегіз миллионға жуықтаған екен. Бұл дегеніңіз елдегі ауылдағы ағайын елдегі жалпы жан санының 41,5 пайызын құрайды деген сөз.

2020 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда Қазақстан халқының жалпы саны 132 мың адамға көбейген. Осы көрсеткіштің өзі Қазақстан халқының жылдан-жылға тұрақты түрде өсіп келе жатқанын дәледейді деп есептейміз. Түсініктірек етіп айтқанда, елімізде кейінгі бірқанша жыл көлемінде халық саны тұрақты түрде 1,3-1,5 пайыз мөлшерінде көбейіп келеді.

Біз жоғарыда атаған тоғыз ай көлемінде еліміз көлемінде ең көп өсім тіркелген өңір Түркістан облысы саналады. Нақтырақ айтқан, 2020 жылдың бірінші қыркүйегіндегі көрсеткіш бойынша, Түркістан облысы халқының жалпы саны 2 036 029 адам болды. Мұның ішінде 412 819 адам қалалы жерде тұрады, олар жалпы өңір тұрғындарының 20,3 пайызын құрайды. Ал ауылды жерлерде тұратын халық саны сәл көптеу, олар жалпы өңір тұрғындарының 79,7 пайызын құрайды, жалпы саны 1 623 210 адам. Бұны өткен жылғы осы уақытпен салыстырсақ, өңірдегі халық санының  27 185 адамға артқанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, аймақтағы халық саны 1,4 пайызға артты деген сөз.

Енді осы санды мәліметтерді тарқатып түсіндіре кетейік, Түркістан облысында 2020 жылдың алғашқы сегіз айында (қаңтар-тамызда) өңір халықының табиғи өсімі 29 026 адамды құрап отыр. Бұл былтырғы жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 0,4 пайызға көбейді. Бұны сан бойынша айтқанда өсім мөлшері 114 адамды құрап отыр.

Тағы бір ерекшелеп айта кетерлігі, тұтас Республика бойынша Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша да, табиғи өсім көрсеткіші бойынша да бірінші орында тұр. Биылығы жылдың алғашқы сегіз айында Түркістан облысының туу көрсеткіші бойынша республикадағы үлесі 14 пайызды ұстады. Бұл дегеніңіз 38 404 адамды құрайды. Егер тағы да өткен жылғы тиісті кезеңмен (2019 жылғы қаңтар-тамыз) салыстырсақ үш мыңға жуық өсімді байқаймыз. Өткен жылы аталған уақытта 35 981 бала дүниеге келген болатын. Егер мұны ішкерлей тарқатып айтар болсақ, былтығы жылдың қаңтар-тамыз айларында тура мың қыз бала, бір мың тоқсан жеті ұл бала дүниеге келген. Айта кетерлігі, бұл өңірде ұл балалардың қыз балаларға қарағанда сәл көп туылатын дәстүрі сақталып келеді.

Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылдың екінші тоқсанында Түркістан облысындағы қызметкерлердің жалақы мөлшері орташа есеппен шамаман 168 301 теңгені құрап отыр. Осының өзі демографиясы тұрақты түрде өсіп келе жатқан өңір үшін өте тамаша көрініс. Тұрақты табыс пен жоғары сападағы күнкөріс деңгейі аталған өңірдегі туу көрсеткіші мен табиғи өсіп көрсеткішінің тұтас ел бойынша бірінші орынға шығуына басты әсер еткені сөзсіз.

Демография – мемлекеттің басты байлығы. Әлемдігі әр елдің ең басты байлықтарының бірі осы халық саны. Халық саны тұрақты түрде өсетін, туу көрсеткіші жоғары, табиғи өсімі де өте жоғары ел дамуы тұрақыт ел саналады. Сапалы демография кез-келген елдің басты тірегі. Демографисы жоғары елдің болашағы да жарық болараы сөзсіз. Бәріміз білетіндей, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясында елдің демографиялық ахуалына баса мән берген болатын.

Тұрақты даму жолына түскен еліміз ендігі кезекте демография мәселесін мықтап қолға алары сөзсіз. Сол үшін де түрлі әлеуметтік көмекті көбейтіп, әсіресе ана мен баланы қолдау саясатын жетілдіріп келеді. Соның арқасында ел халқының өсімі тұрақты түрде сақталып отыр. Түрлі атаулы әлеуметтік көмектер, сапы білім беру, баспанамен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту секілді игі шаралардың демографиялық өсімді қамтамасыз ететіні анық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303