Сенбі, 23 Қараша 2024
1954 0 пікір 17 Қазан, 2020 сағат 10:26

Пәтер иелері кооперативтері орнына жаңа ұйым жұмыс істейтін болады

2020 жылдың қаңтар айынан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген түзетулер қолданысқа енеді. Бұдан былай пәтер иелері кооперативтері орнына жаңа ұйым жұмыс істейтін болады. Аталған өзгеріс «бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» ұстанымына негізделген. 

Өзгеріс енгізілген заңнамаға сәйкес, тұрғын үй - комуналдық шаруашылығын басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Яғни, әрбір көппәтерлі үйдің тұрғындары арнайы жиналыста қарапайым серіктестік немесе бірлестік құру жөнінде шешім қабылдайды. Олардың бірлестігі заңды тұлға ретінде комерциялық емес ұйым болады. Ал, ондай ұйым тұрғындардың өз ішінен құрылмақ. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй комуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, меншік иелерін біріктірудегі жаңа нысанның негізгі айырмашылығы - мұндағы барлық жұмыс «бір үй - бір меншік иелері бірлестігі - бір шот» ұстанымына негізделген. Онда әрбір тұрғын үй кешеніне жинақ шоттары және ағымдағы шоттары жеке ашылатын меншік иелерінің бір бірлестігі құрылатын болады. Мұндай өзгеріс меншік иелеріне баспананы күтіп ұсауға кететін ақшаның жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Бірлестік төрағасы 1 жыл мерзімге тексеру комиссиясын және үй кеңесін баспана тұрғындары арасынан меншік иелері жеке сайлайды.

Баспананы күтіп ұстау бойынша қызмет көрсету үшін сервистік қызмет субьектілері, яғни бейінді кәсіп мамандары жұмылдырылатын болады. Аталған мамандар штатын күтіп-ұстау негізіндегі ақшаны барынша үнемдеп жұмсауға негіз болмақ.

Сонымен қатар, техникалық құралдар мен жабдықтарды және ақшалай қаражат пен құжаттарды беру тәртібі пәтер иелері коперативтеріне мүліктің меншік иелерінің тарапындағы бірлестігіне өтуі барысында заңнама негізінде толық регламенттелмегеніні айтып өту керек. Жиі кездесетін бір жағдай ПИК табысынан ажырап қалмас үшін КПТҮ-ге арналған құжаттарды беруді түрлі сылтаулармен кейінге ысыра береді. Бұл мәселені шешу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құжаттарды беру мерзімін тағайындайды. Тағайындауға сәйкес, ПИК хабарлама алғаннан кейін үш тәулік ішінде құжаттаманы беруді жүзеге асыруға тиіс әрі міндетті. Одан бөлек меншік иелерінің құжатты беру туралы шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелу мәселесі де қарастырылып жатқан көрінеді.

Қазіргі таңда тұрғын емес үй-жайлардың, яғни, пәтерлердің меншік иелері келер 2021 жылдың 7 қаңтарына дейінгі мерзімде тұрғын үй комуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша Заң күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде үйді басқару нысанын жай серіктестік немесе мүлік иелерінің бірлестігін таңдау үшін жиналыс өткізуі керек. Осы ретте жұмыс жасап жатқан ПИК 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыс істеуге құқысы бар.

Ал, тұрғын үй комуналдық шаруашылығы бойынша дайындалған реформалар тұрғындардың техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуге қаражат жұмсау кезіндегі есеп беру туралы және меншікті басқаруды реттеуге арналған. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүліктің меншік иелерінің бірлестігі негізінде өзін-өзі басқару мен өзін-өзі ұйымдастыру институтының базалық элементі осы негіде екенін айтып өткен болатын. Қазіргі таңда осы негізде өңірлік және орталық деңгейлерде жобалау офистерін құру бойынша іргелі істер атқарылып жатқанын айтып өтуге тиіспіз. Бұл дегеніміз - жергілікті жерлерде іс жүзінде іске асыруды жеделдетуге, өңірлерде көрсетіліп, белгіленген реформаларды алға жылжытуға, үйді күтіп ұстау мен басқару саласындағы дау-дамайлы мәселелерді азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған шара әкімдіктерге қарапайым халықпен тиімді комуникация жүйесін жасауға жол ашпақ. Мұнда барлық шешімдер меншік иелері тарапынан қабылданатынын түсінуге тиіспіз. Ал, меншік иелері қауіпсіз, қолайлы жағдай жасау мақсатында ең бірінші ортақ мүліктің сақталуы үшін жауапты екендерін білуі тиіс.

Одан бөлек, меншік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу E-gov порталында немесе мемлекеттік корпорацияда бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Ол үшін меншік иелері бірлестіктің жарғысы оған қоса өтініш пен түбіртекті және жиналыс хаттамасын бірге ұсынуы тиіс.

Қазіргі таңда көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағалары, қарапайым серіктестіктің сенімді өкілдері сонымен қатар басқарушы компанияның қызметкерлері Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында арнайы курстан өтіп, үйді басқару бойынша дағды мен білім ала алады. Ол үшін ҚР ИИДМ арнайы бағдарлама бекіткен.Ол бойынша, курстан өтушілер 55 сағаттан астам уақыт бойы оқудан өтуі тиіс.Басқару сертификатын талап ететін басққарушы компанияның қызметкерлері сонымен қатар, тұрғын үй менеджерлері оқудан өткеннен кейін арнайы тіркелген ұйымда сынақ тапсыруы тиіс. Ал, оларға сертификатты Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасында тіркелген ұйымдар беретін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522