Нұра Матай. Лондон-2012: Жолдама қанша? Жүлде салатын кімдер?
Босағадан аттаған 2012 жыл спорттық додаларға толы болып тұр. Алдымен Украина мен Польша қартамыс ғаламның футбол додасын қабылдаса, араға бір ай уақыт салып Лондонда Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Әрине, футболдан Еуропа чемпионатында Қазақстанға жанкүйер бола алмаймыз. Теледидардан көріп, сыртынан шеберлігіне қол соғып жүрген құрамалардан кімге жанкүйер атанатынын қазақ көрермені өзі шешеді. Ал, Тұманды Альбиондағы Олимпиада ойындарынан біздің спортшылардың алатын үлесі зор. Тәуелсіз мемлекет ретінде 3 мәрте жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшылары Британ аралдарынан қоржын толы жүлдемен келсе деп тілейді қазақ жанкүйері. Санаулы айлардан соң шымылдығы түрілетін Олимпиада ойындарына қанша жолдама иелендік?! Басшылық қанша медаль алуды жоспарлап отыр? Кімдерден жүлде күтеміз?! Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Ауыр атлетика
Босағадан аттаған 2012 жыл спорттық додаларға толы болып тұр. Алдымен Украина мен Польша қартамыс ғаламның футбол додасын қабылдаса, араға бір ай уақыт салып Лондонда Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Әрине, футболдан Еуропа чемпионатында Қазақстанға жанкүйер бола алмаймыз. Теледидардан көріп, сыртынан шеберлігіне қол соғып жүрген құрамалардан кімге жанкүйер атанатынын қазақ көрермені өзі шешеді. Ал, Тұманды Альбиондағы Олимпиада ойындарынан біздің спортшылардың алатын үлесі зор. Тәуелсіз мемлекет ретінде 3 мәрте жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшылары Британ аралдарынан қоржын толы жүлдемен келсе деп тілейді қазақ жанкүйері. Санаулы айлардан соң шымылдығы түрілетін Олимпиада ойындарына қанша жолдама иелендік?! Басшылық қанша медаль алуды жоспарлап отыр? Кімдерден жүлде күтеміз?! Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Ауыр атлетика
Бүгінге дейін Қазақстан спортшылары 50-ге жуық жолдаманы жеңіп алды. 2011 жылы ауыр атлетика, бокс, күрес сынды қазақтың оң жамбасына келетін спорт түрлерінен ел спортшылары жүлдеге қол жеткізгенін білеміз. Бұрын боксшылардан ас та төк жүлде күтетін қазақ жанкүйері енді зілтемірдің қос дөңгелегіне үмітпен қарайды. Алексей Ни баптайтын ауыр атлеттер Лондонға 8 адамдық құраммен барады.Төртеуі - ерлер, төртеуі - әйелдер. Қоржындағы жолдамалар жөнінен Қазақстан Қытай және Ресеймен бірге көш бастап тұр. Бірақ, Париждегі әлем чемпионатында Алмас Өтешов пен Владимир Седовтың төмен нәтиже көрсетуі ерлер құрамасын біраз ұпайдан айырды. Лондонда Сыр саңлағы Илья Ильин мен Светлана Подобедова бастаған қыздар құрамасына артылар жүк ауыр.
Меңдіхан Тәпсірұлы, ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы:
- Жаңа жылдық мереке аяқталған соң, ұлттық құрамадағы қыз-жігіттер жаттығу жұмыстарына қайтадан кірісіп кетті. Ғаламторда Владимир Седов, Сергей Истомин және Сергей Кузнецовтардың ұлттық құрамадан бөлек жаттығамыз деген пікірлері жарық көрген. Бірақ, басшылық оған рұқсат берген жоқ. Илья Астанада дайындық жұмыстарын жүргізуде. Алайда, оның да басшылықтың, ұлттық құрама бапкерлерінің тікелей назарында екенін ұмытпаңыздар. Әзірге Алматыда жаттығудамыз. Шетелге шығып дайындалудың да жолы түседі. Лондон Олимпиадасынан бұйырса 4-5 медаль олжалауды мақсат етіп отырмыз. Оның екеуі алтын болса, жоспардың орындалғаны. Негізі, «арық айтып, семіз шыққан» дұрыс қой. Кім біледі, сайыс кезінде екінші қыры ашылып, ойламаған жерден жүлде сыйлайтын шығар ұландарымыз?!
Бокс
Бакуде өткен бокстан әлем чемпионаты Лондон Олимпиадасына жолдама таратқан алғашқы сын емес. Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) жеңімпаз атанған Қанат Әбутәліпов 56 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды. Ал, Баудегі бәсекеде біздің күрзі жұдырықты жігіттер 5 жолдамаға иелік етті. Олар - Ғани Жайлауов (60 келі), Серік Сәпиев (69 келі), Данабек Сужанов (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко (91 келіден жоғары). Бұл боксшылар алаңсыз дайындық үстінде, ал ұлттық құрамадағы жолдамаға қолы жетпеген төрт салмақтың өкілдері Астанадағы сынға қолғабын сайлап отыр. Сәуір айында сары құрлықтың былғары қолғап шеберлеріне арналған лицензиялық турнир өтеді. Сол сайыста 49,52,64 және 91 келі салмақтағы жігіттеріміз Лондон жолдамасын уысқа түсіріп көрмешкі.
Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Жаңа жыл, Олимпиада жылы басталысымен Алматыдағы «Ақбұлақ» сауықтыру кешенінде дайындалып жатырмыз. Жігіттердің міндеті - жалпы дене дайындығынан сүрінбей өту. Тауда қар қалың. Жігіттер қалың қарды кешіп, тау шыңына шығып барады. Олимпиада шыңын бағындыру одан бетер қиын. Сол себепті, дайындық жұмыстарын үдетіп жатырмыз. «Ақбұлақта» жағдай жасалған, бассейн, жаттығу залдарына зәру емеспіз. Одан бөлек футбол, волейбол, баскетбол сынды спорттық ойындарды да қалт жібермейміз. Боксты тек қана төбелес деп ұқққандар қателеседі. Боксшы чемпион атануы үшін барлық жағынан мінсіз болса керек. Ақпан айында Алматыда Франция, Индия, Ресей және Қазақстан құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтеді. Наурызда Олимпиада мекені Англияға барып, оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Жолдама жеңіп алған спортшылар Германиядағы халықаралық сынға, ал жолдаман үмітті жігіттеріміз Астанадағы іріктеу сынында айқасатын болады.
Таэквондо
Таэквондодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылмановтың іріктеу сынынан әрі аспай, Лондон додасынан сырт қалуы көптеген жанкүйерді жабырқатты. Қанша дегенмен, Бейжің жүлдегері биіктен көрінеді деп үміттенгеніміз рас. Лондон Олимпиадасына үш таэквондошымыз жолдама жеңіп алды. Олар Гүлнафис Айтмұхамбетова, Феруза Ергешова және Нұрсұлтан Мамаев.
Мақсұт Нарбаев, таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы:
- Енді жарты жылдан соң Лондон Олимпиадасының алауы тұтанады. Біздің құрамада 3 жолдама бар. Қазіргі таңда дайындықты бастап кеттік. Алматыдамыз. Ақпан айында Кореяда бір ай оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Кореяға барып келуге кететін шығынды Спорт комитеті мойнына алып отыр. Наурызда «Германия Оупен» деп аталатын халықаралық сайыс бар. Сол сында өзімізді бір сілкіп алмақшымыз. Екі қызымыз да, Нұрсұлтан да жаман емес. Мамаевтың Сингапурдағы жастар Олимпиадасында жүлде салғанын білесіздер. Енді сол үрдіс Лондонда жалғасса деп тілейміз.
Бейжің Олимпиадасына Қазақстан атынан спорттың 22 түрінен 132 спортшы қатысты. Ал, Лондондағы сынға 100 жолдама иеленіп, 3 алтынды жеңіп алсақ жарайды дейді Спорт және Туризм министрі Талғат Ермегияев. Бұл жоспардың қанша пайыз орындалатынын Лондонда байқаймыз. Ал, «Маса.кз» интернет газеті мен Abai.kz ақпараттық порталы Лондонға жолдама алған спортшылармен таныстырып, жолдама санауды одан әрі жалғастырады.
«Абай-ақпарат»