Сенбі, 23 Қараша 2024
2174 0 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 15:43

Биоқауіпсіздік: Қазақстанның ұсынысы халықарада қолдау тапты

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған отыз жылға уақытта орнықты түрде дамып, халықаралық аренадағы өз орнын биіктен сайлап алды. Содан болар, әлемдік деңгейдегі көптеген мәселелерде біздің елдің де өз алдына айтар ұстанымы мен позициясы өзгерген емес. Тіпті халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелерде шешуші рөл атқарған кездеріміз де аз емес.

Мәселен, ядролық қарулардан бас тарту, ядросыз әлем құру барысында Қазақстан халқы мен Қазақстан президентінің (Тұңғыш президент) алар орны ерекше болды. Бұдан бөлек, аймақтық қауіпсіздікті сақтау, түрлі дін басыларының бір жерде бас қосуына да біздің ел үлкен әсер еткені белгілі.

Қазақстанның бас болуымен қолға алынып, жүзеге асқан маңызды мәселелер қатарына енді биологиялық қауіпсіздік мәселесі де енуі мүмкін. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасы әлемдік деңгейдегі тәуелсіз сарапшылардан қолдау тауып отыр.

Бәріміз білетіндей, өткен айдың (қыркүйек айы) соңында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясы салтанатты түрде болған еді. БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында сөз алған Қазақстан Президенті бірқатар маңызды мәселелерді көтерген. Онлайн форматта өткен әлемдік деңгейдегі маңызды жиналыста Президент Тоқаев ұсынған биологиялық қауіпсіздік жайлы бастамасы оң бағаланып отыр. Демек, біздің ел биологиялық қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселеде жетекші рөл атқарған ел атануы мүмкін.

Атап айтқанда, Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық агенттік құру идеясын мәлімдеген болатын. Тоқаевтың бұл бастамасына Халықаралық химиялық қару жөнінідегі тәуелсіз сарапшы Ричард Гатри оң баға беріп, қолдау білдірді.

Тәуелсіз сарапшының айтуынша, әлемде ядролық немесе химиялық секілді қуатты қаруға қарсы іс-қимыл жасау реті қалыптасқан. Жаңағыдай қауіпті қаруы бар елдерге қарсы қажет кезінде тоқтау салуға болады. Өйткені қауіпті қаруға тиісті шара қабылдап, тиым салатын халықаралық ұйым бұрыннан бар. Бірақ химиялық қарулармен салыстырғанда қауіптілігі көзге көрінбейтін биологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін халықаралық институт қазірше жоқ. Сол үшін де биологиялық қауіпсіздік мәселесін назардан тыс қалдырау керек. Ал мұндай жаһандық маңызды мәселені ядродан бас тартпаған державалардың бірі ұсынса, ешқашан қолдау таппайтыны айдан айқын. Сол үшін де ядролық қарудан алғаш болып бас тартып, жойқын қаруды таратпауға, оның алдын аулға өте үлкен үлес қосып отырған Қазақстан секілді елдің мұндай ұсыныс айтуға толық мүмкіндігі бар. Тіпті мұны өте оңтайлы, орынды қадам деп бағалауға болады.

Ричард Гатри, Химиялық қару бойынша тәуелсіз сарапшы:

– Биологиялық ғылымның дамуының аяқ алысы соңғы жылдары әсіресе қарқынды. Бірақ бұл саладағы жетістіктер адамзаттың өзіне таяқ болып тиюі де ғажап емес. Себебі оны теріс пиғылда иемденуге барын салып жатқандар бар. Сондықтан халықаралық бақылауды күшейту қажеттілігі туындап тұр. Қазақстанның осы мәселені шешуде жетекші рөлге ие болуға мүмкіндігі бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында биологиялық қауіпсіздік жөнінде бастама көтеруі тегіннен-тегін емес. Қазіргі таңда коронавирус пандемиясы тұтас әлемді табанынан тік тұрғызып, адамзат баласына алапат уын шашып тұр. Коронавирус инфекциясы адамзат боласы үшін биологиялық індеттің қаншалық қауіпті екенін ұқытырды.

Біз бұл жерде коронавирусты биологиялық қару деп отырған жоқпыз. Тек коронавирустың тұтас әлемге сонша жылдам таралып, адамзатты әбігерге салғанына қарап, алда-жалда әлдебір ел биологиялық қару ойлап тауып, оны таратар болса, әлем қандай жағдайға тап болатынын көзбен көрдік деген оймен айтып отырмыз.

Президент Тоқаевтың адамзат баласының амандығы, ғаламшарымыздың тыныштығы үшін ерте алаңдап, ортаға салған биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық агенттік құру бастамасын сарапшылар қызу қолдап отыр. Ендеше адамзат баласына соғыс қаупін туындатқан ядролық қарудн алғаш боп бас тартқан Қазақстан биологиялық қауіпсіздік мәселесінде де алғаш болып дабыл қағып отыр деуге толық негіз бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446