Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3323 0 пікір 23 Қаңтар, 2012 сағат 08:04

Нұра Матай. Айналып өтпейтін болдық...

Осымен бесінші жыл үкіметті басқарып отырған Кәрім Мәсімов Ресейдің «КоммерсантЪ» газетіне сұхбат беріпті. Осы жерде айтпасқа болмас бір жайт бар. Осы қашан көрсең біздің  президент пен премьер-министр Қазақстанның саяси-экономикалық ахуалы мен болашағы жайлы ойларын  Ресей газеттеріне мақала, болмаса, сұхбат түрінде шығарады да жатады. Мысалы, президенттің «Российская газетаға» мақаласы шықты. Мәсімов бұған дейін Ресей арналарының бірінде көсіліп сұхбат берді. Енді, міне,  - «КоммерсантЪ». Сонда бұ қалай? Біздің елдегі БАҚ бұ кісілердің дүниесін шығаруға қауқарсыз ба, әлде «ауылдағының аузы сасық па?» Жарайды, - бұл өзі басқа әңгіменің тақырыбы. Орайы келіп тұрған соң айттық.

Сонымен, Мәсімов мырза жоғарыда аталған газетке берген сұхбатында: «Қаржы дағдарысын айналып өте алмаймыз. 2012-2013-інші жылдары болады делініп отырған дағдарысқа әлемнің кез келген елі, қандай саясаткері болса да қарсы тұра алмайды», - депті. Мойындағанына да тәубе! Әйтпесе, өткен жылдардағыдай «Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанды айналып өтеді» деп бет бақтырмай қоя ма деп қорқып едік.

Сұхбат барысында үкімет басшысы: «Қазақстан үшін табиғи ресустардың бағасы маңызды болмақ. Себебі, мемлекеттік бюджеттің негізін осы табиғи байлықтан түсетін қаржы құрап отыр»,- деп тұтас елдің жағдайы мұнай мен газдың әлемдік бағамына байлаулы тұрғанын кезекті рет қайталайды. Ал мұнай мен газдың Қазақстанда негізгі экономикалық сектор әрі құтқарушы сала екендігін үкіметіміз  айтпаса да түсіндік.
Әрі қарай Кәрім Қажымұқанұлы дағдарыстың әлеуметтік әсері болатынын жоққа шығармайды. Соны айта келіп: «Біз өзге елдердің де, өзіміздің де тәжірбиемізден көріп отырғанымыздай әлеуметтік мәселелерге баса назар аудармасақ, қаржы дағдарысы  өкшелеп қуып отырады. Жұмыссыздық әлеуметтік қарсылықтарға әкеледі. Сондықтан бұл мәселемен ұдай айналысу керек», - дейді.
«Өз тәжірбиемізден» деген сөзін оқығанда менің есіме арты қырғынға ұласқан мұнайшылардың жеті айға созылған ереуілі мен олардың мәселесін шешпеген Мәсімовтің үкіметі түсті.
Бұдан әрі сұхбатта «дағдарысқа қарсы» жоспарлар мен азаматтардың кәсіптік біліктілігін көтеру, еуразиялық экономикалық кеңістік пен кедендік одақтың «кереметтері» жайлы ертегінің жалғасы айтылады.
P.S.
Бір қызығы, осы жолдардың авторы мына мен - елдің қарапайым тұрғынының бірі -  дағдарысқа етім үйреніп кеткен. Себебі, басқаны қайдам, мен үшін дағдарыс (саяси, қаржылық, әлеуметтік) күнделікті, әдеттегі нәрсе. Тіпті, менің серігім десем де болады...
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320