Серікжан Мәмбеталин: «Елге қашан оралатыным белгісіз»
Әнеугүні «Руханият» партиясының бұрынғы төрағасы Серікжан Мәмбетәлин «Лондонға кетіпті» деген сөз шыққан еді. Ол кезде едел-жедел Мұхтар Шахановқа хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын сұрағанбыз. (http://old.abai.kz/content/mykhtar-shakhanov-membetalinnin-kaida-zh-rgeninen-khabarym-zhok )
Кейін Серікжан мырзаға қысқаша хат жазып жіберген едік. Жауап келіпті. Тілдей хатты тұтас беріп отырмыз.
«Абай-ақпарат»
Серікжан Мәмбетәлин:
- Есіңізде болса, мен Астана қаласының мешітінде, биліктің біздің «Руханият» саяси партиясына жасалған қастандығына наразылық нышаны ретінде аштық жариялаған едім. Алайда, билік өз шабармандарын мешітке арандату мақсатында жіберуін тоқтатпады. Мұнымен ғана шектелмей, мешіттің бас имамына қысым көрсету арқылы мені мешіттен шығарып жібереді. Содан кейін Астана қаласы бойынша барлық мешіттің есігі мен үшін жабық болғаны анықталды. Ақыры, ашығуды тоқтатуға мәжбүр болдым, ізімнен қалмады, тыныштық бермеді, сол себептен Лондонға, жанұяма баруды жөн санадым. Қазір Лондон қаласындамын, осында екенімді ешкімнен жасырмаймын. Алматы қаласында 28-нші қаңтарда өтетін митингке қатысуды жоспарлаған едім.

Мұхтар Шахановпен бүгін ғана сөйлестім, ол жүрек сырқатымен ауруханада ем алуда.Телефонмен болған әңгімемізде менің Алматыға келмек ойдан бас тартуды өтінді. Соңғы екі күнде елімізде орын алған жағдайларға байланысты, Мұхтар аға өз үрейін жасырмады. Владимир Козлов, Игорь Винявский және Серік Сапарғали сияқты азаматтардың қамауға алынуы жағдайды одан сайын ушықтырып жібері анық, бәлкім, менің де үстімнен іс қозғау туралы бұйрық түскен де шығар. Оны нақты білмеймін, бірақ қауіп бар. Сондықтан да елге қашан оралатынымды әлі нақты шешкен жоқпын!
«Абай-ақпарат»