Cәуле Мешітбайқызы. Халқың болмаса, сен кімге Министр боласың, Гүльшара ханым?!
Қазақ «қой егіз төлдесе, бір түп жусан артық өседі» деп бекер айтпаған. Әр бала дүниеге өз несібесімен келеді. Таяуда теледидар көріп отырып, сенаторлардың қызыл кеңірдек болғанының куәсі болдым. Көтерілген мәселе елең етерлік. Әр туған сәбиге 2 млн. теңге! Дәл осыған ұқсас депутаттық сауал ҒаниҚасымов тарапынан жолданғаны естеріңізде болар. Қоғамды дүрсілкіндірмегенімен, көптеген аналардың қуанышын арттырғаны сөзсіз, 2 млн теңгенің. Сөйтіп, әдемі басталған сауалдың «жаңғырығы» біразға дейін естіліп тұрды. Басында түйіліп келіп себелеген үміт бұлтының нөсері бара-бара сап тыйылған. Айтылған сөз нысанағ адарымай, желге ұшқандай болған. Жел айдаған бұлттай өте шыққан сол нөсер-сауал тақауда Сенаттың төрінде тағы сіркіреді. Еліміздегі ана мен бала жағдайының қиын екенін депутаттар бұл күні таусыла талқылады. Көңілге кірбің ұялатқаны - депутаттардың жанайқайын министр ханым жүре тыңдағандай кейіп танытты. «Жол қадірін жүрген білер» демекші, ұл-қыз өсіріп отырған анамын ғой, қызыма қатты қапаболдым. Осы мезетте ойыма «Қыздардың нәзік жанын ұғу үшін қыз болып туу керек» деген Ұлықбек ақынның өлең жолдары оралды. Ақынның жүрекжарды ойын министр ханым өтірікке айналдырмаса бопты, әйтеуір.
Қазақ «қой егіз төлдесе, бір түп жусан артық өседі» деп бекер айтпаған. Әр бала дүниеге өз несібесімен келеді. Таяуда теледидар көріп отырып, сенаторлардың қызыл кеңірдек болғанының куәсі болдым. Көтерілген мәселе елең етерлік. Әр туған сәбиге 2 млн. теңге! Дәл осыған ұқсас депутаттық сауал ҒаниҚасымов тарапынан жолданғаны естеріңізде болар. Қоғамды дүрсілкіндірмегенімен, көптеген аналардың қуанышын арттырғаны сөзсіз, 2 млн теңгенің. Сөйтіп, әдемі басталған сауалдың «жаңғырығы» біразға дейін естіліп тұрды. Басында түйіліп келіп себелеген үміт бұлтының нөсері бара-бара сап тыйылған. Айтылған сөз нысанағ адарымай, желге ұшқандай болған. Жел айдаған бұлттай өте шыққан сол нөсер-сауал тақауда Сенаттың төрінде тағы сіркіреді. Еліміздегі ана мен бала жағдайының қиын екенін депутаттар бұл күні таусыла талқылады. Көңілге кірбің ұялатқаны - депутаттардың жанайқайын министр ханым жүре тыңдағандай кейіп танытты. «Жол қадірін жүрген білер» демекші, ұл-қыз өсіріп отырған анамын ғой, қызыма қатты қапаболдым. Осы мезетте ойыма «Қыздардың нәзік жанын ұғу үшін қыз болып туу керек» деген Ұлықбек ақынның өлең жолдары оралды. Ақынның жүрекжарды ойын министр ханым өтірікке айналдырмаса бопты, әйтеуір. Әйтпесе бала тауқыметінің қандай болатынын Гүлшара ханым білмесе де, бала тапқан..., біз білеміз. Қазақы ауылдан шығып қараша халықтың мұңымен сырлас болады дейтін депутаттар биліктің «ауа-райын» бақылап, «тыныштықты» ұнатып жүрсе, кеңестік тәрбиенің «төлперзенті» Қазақстан халқының демографиясына бас қатырып жүр. Парадокс. Онда неге мақтамасқа оны? Сонымен, Генерал сенатор кейінгі кезде ұрпақ қамын шырылдап жиі-жиі көтеріп жүргеніне қарға тамырлы қазақ халқы дән риза. Өзге ұлтқа қарағанда қанша тауқымет тартса да, қазақхалқы ұрпақ мәселесіне немқұрайлы қарамайтындығымен де ерекшеленеді. Қай заманда да халық өсімі бай манаптардың емес, байғұс халықтың есебінен көбейіп отырғанын ұмытуға болмайды. Ғани Қасымов осыны сезетіндей. Сезгеннен кейін сөз ететіндей. Қаншама сын садағына ілініп жатқанымен, тілі «дімкәс» болса да, дініне беріктігі, діліне адалдығы байқалады. Қанша дегенмен әскери адам ғой бірбеткейлігі, турашылдығы, орысмінезділігі өзіне жарасып тұрады. Мұрты жыбырлап ашуланғаны да қызық. Елбасыдан басқаны көзіне ілмейтін, Ұлттық банктің қожайыны Гришаны (Марченконы) қанжар сөздерімен «турап» тастағанда айызымыз бір қанып еді-ау. Сондықтан «көп отырып» қалып, еңсесін тіктей алмай ұйқысырап жүрген Үкіметті арагідік «қыршып» алатыны өзге бас шұлғуға шебер депутаттарға үлгі болса, қанекей! Бұл менің ғана емес, төзімі таусылып, ашына бастаған барша ананың тілегі. Сонымен, сената талқыланған 2 млн теңге көп ақшама даурығатындай? Меніңше, бұл мемлекеттің басты байлығы адам болып тұрғанда көп ақша деуге келмес. Қайта демографияны өркендетуге жұмсалған ақшаның қайтарымы мол болмақ. Бізден жағдайлары жүз есе төмен өзбек әкалардың 30 млн ға иек артқанынан көз ашық қауым құлағдар. Осыны байқаған өзбек үкіметі жеңілдетілген тұрғын үй мәселесін қолға алып жатыр. Ойлары - қалайда халқына жанашырлық таныту. Ал біздегі өсім әзірге көңіл көншітпей тұрғаны жанға батады. Айтыла-айтыла жауыр болды тіпті. Осыны ойлайтын жан бар ма тегінде? Қайтсек ұланғайыр даламызда адам саны артады? Осы тұста естеріңізде болса, Республика бойынша тек Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов қана игілікті бір іске бастамашы болған. Өз облысы бойынша «Ұрпақ» қорын құрып ел жұртының алғысына бөленіп еді. Ұлтының келешегін ойлаған азамат қана осындай құтты қадамға бармақ. Бірақ осыны іліп әкеткен әкімдер, шенеуніктер болды ма? Тапсырманы тек қана елбасы беріп, неге бәрін елбасы ғана айтуы керек. Өздері ойланып, өздері толғануға не кедергі? Сенаттағы әлгі жиынға қайта оралайын. 2 млн мазаларын қашырған депутаттар бір мәмілеге келе алмай, ырду-дырду болып жатқанда бейтарап қалу мүмкін емес. Расымды айтсам, қаным қызды. Қазақтың бар анасы менің кейпімде болғаны анық. Ал жұмыс істемейтін, баланыңжөргек пұлымен күнелтіп отырғандар жайлы сөзболмады... Ұлан-ғайыр даланы қайтсем гүлдендіремін деп Елбасы да жарғаққұлағы жастыққа тимей жүр. Патшаны қолдағаның осы болса, жетіскен екенсің, Гүлшара ханым. Егер шынтуайтына келсек, бабалар аманаттаған қасиетті сайын даланы өзгелердің емес, өзіміздің есебімізден толтыру бәріміздің парызымыз. Осыны түсінетін кез жетті ғой, айналайын. Мамыражай бір сәтте депутат Қуаныш Айтақанов: «Осы әр топқа бөлмей, әр сәбиге ай сайын төменгі айлық көлемінде жәрдем берсек қалай болады? - деп, көкте шарықтап жүрген бағаны «қондырмақ» ниет танытты. Алайда, сенаторлардың мұндай жомарттығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі негізсіз деп, көптеген дәлелдер келтірді. Соның бірі «жұмыс істеп жүріп, екіқабат болған келіншектер онсыз да аз ақша алып отырған жоқ. Жұмыс істеп жүріп декретке шықса, бір миллион алатындар бар. Жалпы орта есепке салсақ, бес жүз мыңдай алатындар бар», - деп қысқа қайыруы бүгін-ертең жібімейтінін байқатты. Ал жұмыс істемейтін, баланың жөргек пұлымен күнелтіп отырғандар жайлы сөз болмады... Қаншама отбасы үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүр. Сабырын дос етіп, шүкірін серік етіп, баланың азғантай ақшасын талғажу ететіндер қоғамда аз емес. Шындығына келсек, балаға төленетін аз-маз ақшаның өзіне құжат дайындау қағазбастылықтан құтқармай тұр. Көп адамдардың осыдан шаршап жүргенін көзіміз көруде. Оның азабын жәрдемақыға қажетті таусылмайтын қағаздарды жинау үшін ұзын-сонар кезекте тұрған жан ғана білер. Оны айтасыз, дәрі-дәрмек пен дәрумендер бағасы күн санап аспандап жатқаны бесенеден белгілі. Құнарлы азық-түлік алып, дүниеге дені сау бала әкелу үшін қаншама күтім керек? Осының бәрін жіпке тізіп есептеп көріңіз. Оңай емесін жан-дүниеңізбен сезінеріңіз һақ. «Ары-бері сылтау айтпай, дүние есігін ашқан әр сәбиге екі миллион теңгеден берейік. Сөйтіп, аналарды қолдайық», - деді сенатор Ғани Қасымов әріптестерінен қолдау күтіп. Алайда, депутаттар өре түрегеліп қолдай кетпеді. Анау айтқандай қарсылық та көрсетпеді. Тек қана «аспандай беріп қайтеміз, одан да жерге түселік» дегендей ыңғай танытты. Бұл «ғарыштық жөргек пұлды» «жер бауырлатайық» деген емеурінмен үндеседі. Ал Ғани Қасымовтың көздегені «Түйе сұрап бие алу» секілді. Табандап отырып алды. Министр ханымның сөзінен "сенатор мырзалар, Ресейге еліктей бермеңіздер" деген ойдың ұшығын да аңғарып қалдық. Жасыратыны жоқ, көп жағдайларда Ресейге еліктеуден алдымызға жан салмаймыз. Ал сәби сүйген аналарға қамқорлық жасауда көршіміздің жақсы бастамасын қолдауға не кедергі? Министр ханымның «Бізде Ресейдегідей емес, бала туу деңгейі жоғары» дегені «олар тәрізді балаға соншалықты мұқтаж емеспіз» дегенді аңғартып тұр. Министр ханымның халқымыздың санының өсуіне соншалықты тебіренбейтіні түрлі ойға итермеледі. Ұлт келешегі үшін жұмсалған қаржының өтеуі көп болатынын министр ханым неге есінен шығарады? Деректерге сенсек, осыдан он жыл бұрын жылына екі жүз мың бала өмірге келсе, қазір бұл көрсеткіш үш жүз жетпіс мыңға өрлепті. Яғни, ана мен баланы қорғау тұрғысынан келгенде сәби саны көп болса, жәрдемақы мөлшерін көбейтуге негіз жоқ болғаны ма? Әйтеуір, көкейде сауал көп. Демографияның қарқынды өсуіне жөргек пұлдың да берері көп екенін естен шығармасақ дегім келеді. Қалай десек те, дүркін-дүркін көтеріліп отырған бұл мәселе нақты шешімін тапқанша біршама уақыт өтері анық. «Жыламаған балаға емшек бермейтіні» осындайда еске түсе беретіні несі!? Сөз соңында айтарым, мемлекет халықпен айбарлы. Ал сол халық ұрпақтан өспей ме?! Салауатты, дені сау, білімді ұрпақ өсіру үшін аналарға Үкіметтің аялы алақаны, қаржылай көмегі керек. Халқың болмаса, сен кімге Министр боласың, Гүльшара ханым?!
«Абай-ақпарат»