Бабақұмар Хинаят. Мандоки Қоңырдың арманы
Қоңыр - бұл қазақ түсінігінде ауқымы кең философиялық ұғым, эргологиялық аспект. Ал, Қоңыр Мандоки да қазақ рухани өмірінде 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың бас кезінен бастап соны құбылысқа айналған қасиетті есім. Атына заты сай, Қоңыр десе қоңыр күш, сергек ой, білігі асқақ, тың мұраттарға дем берген тұлға еді, қазақтар оны туған ұлындай көрді, тез бауыр басып кетті.
Тарих сергелдеңінде ажырап қалып, Еуропадан қоныс тепкен шығыстық жұрт - мадиярларлардан қоныс тапқан қыпшақтар бабаларының туысқандарды аңсаған арманын жеті жарым ғасыр өтсе қайта жалғап, боздаған ботадай аңсап келіп, алты Алаштан пана табуы - Қоңырдың тарихи ерлігі болып қалды. Яғни ата-баба аманатын орындау жолында өзін құрбан еткендігі, расында да жерлестері өмірден қапыда аттанған Қоңыр туралы «құмандардың құрбандығы» деп бағалауы соның айғағы еді.
Қоңыр аға отасқан қазақ қызы Оңайшаның жерлес ақыны М.Сатыбалдиевтің «Өмірден бір мықтап қайтса деп жүрмін бір есем...» деп келетін жыр жолдарын оқта-текте қайталап отыратын. Бұл оның өмірлік кредосы іспетті еді. Мадияр халқына сіңісіп кетсе де өзінінің қыпшақтық болмысының сорабы мен солғын іздерін сақтап қалған құман-қыпшақтың тілін, ділін, болмысын жаңғырту жолында іс тындырды, үлкен жоспарларды өмірге әкелді.
Қоңыр - бұл қазақ түсінігінде ауқымы кең философиялық ұғым, эргологиялық аспект. Ал, Қоңыр Мандоки да қазақ рухани өмірінде 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың бас кезінен бастап соны құбылысқа айналған қасиетті есім. Атына заты сай, Қоңыр десе қоңыр күш, сергек ой, білігі асқақ, тың мұраттарға дем берген тұлға еді, қазақтар оны туған ұлындай көрді, тез бауыр басып кетті.
Тарих сергелдеңінде ажырап қалып, Еуропадан қоныс тепкен шығыстық жұрт - мадиярларлардан қоныс тапқан қыпшақтар бабаларының туысқандарды аңсаған арманын жеті жарым ғасыр өтсе қайта жалғап, боздаған ботадай аңсап келіп, алты Алаштан пана табуы - Қоңырдың тарихи ерлігі болып қалды. Яғни ата-баба аманатын орындау жолында өзін құрбан еткендігі, расында да жерлестері өмірден қапыда аттанған Қоңыр туралы «құмандардың құрбандығы» деп бағалауы соның айғағы еді.
Қоңыр аға отасқан қазақ қызы Оңайшаның жерлес ақыны М.Сатыбалдиевтің «Өмірден бір мықтап қайтса деп жүрмін бір есем...» деп келетін жыр жолдарын оқта-текте қайталап отыратын. Бұл оның өмірлік кредосы іспетті еді. Мадияр халқына сіңісіп кетсе де өзінінің қыпшақтық болмысының сорабы мен солғын іздерін сақтап қалған құман-қыпшақтың тілін, ділін, болмысын жаңғырту жолында іс тындырды, үлкен жоспарларды өмірге әкелді.
1965 жылдан бастап өмірден озғанға дейін (ол сапар барысында Дағыстанда Макачкалада үзілді) шығыс Еуропада Балқаннан бастап, Орта, Кіші, Кіндік Азия, Орал, Алтай, Памир, Орхон бойына дейін жүріп өткен кең аумақта Қоңыр дүйім жұртқа тарих қойнауынан келген «уақыт машинасы» іспетті әсер қалдырды, мыңдаған жандарға ой салды, арманына қанат бітірді, қысқасы сол аумақта Қоңырдың ізі қалды.
Өмірі бір өнеге іспетті Қоңыр 1972 жылдан қазақ тілімен дендеп шұғылданды. 1974 жылы Моңғолиядағы қазақтар арасына барды, ондағы Мұзтауға шығып, досы Едігенің әкесі Төлетей қажыға «көкілташ» рәсімімен тонды бала болды. Тау мен тасты кезіп, көне түркі балбалдарымен жылап қауышты. Ол туралы Қазақстандағы алғашқы мадияр елшісі түрколог Торма Йожеф мақала жазды.
Бүкіл әлемді қамтыған саяси кризис, үлкен өзгерістер кезінде Қоңыр мемлекеттік қызмет, дипломатиялық маңсапты місе тұтпады, ғылымға адал болды. Керісінше, жүріп-тұруды жиілетті. Сондай бір сапары барысында 1991 жылы («Арай» журналы, №1) жұбайы Айшаның сұқбаттарында («Азия» апталығы, 1992. №9) «Тумақ бар да өлмек бар. Көз жұма қалсақ сүйегіміз ата-баба жеріне қойылса деп тілейді Иштван» деп еді, білгендей, сезгендей. Өйткені досы ақын Көрменді жырлағандай «тіспен туған Қоңыр бақсы» сәуегей, заманынан озып туған кемеңгер еді. 1992 жылы көз жұмған Қоңырды өз аманаты бойынша Алматыдағы Кеңсай баурайына қазақ, түркі зиялылары, әсіресе тіл, тарих, әдебиет зерттеуші ғұламалар қатты қайғыра, күңірене жоқтап, арулап соңғы сапарға шығарып салды.
Өзінің шолақтау ғұмыр кешкендігіне қарамай сөз жоқ, Қоңыр аға бақытты жандардың бірі. «Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң, бақытты боп сорлап жүрсең масқара» деп Мұқағали ақын жырлағандай ол іздену, күресу, үлкен мұратқа ниеттестерін бағыттай алған, өмірімен де, қазасымен де мифологиялық заңғарға көтеріле білген тұлға болып біздің жадымызда қалды.
Мадиярлар мен басқа түркi халықтары Қоңырды есте қалдыру мен мұрасын игеруге ерекше мән бередi: жерлестері Карцагтықтар мен қырғыздар Қоңырдың рухына бағышталған шаралар өткізді, бірнеше жинақ арнады, Қоңыр еңбектерін жарыққа шығаруда.
Алайда, оның мұрасын игеруден гөрі «жан еді бір өр тұлғалы» деп келетін естеліктермен шектеліп отырған жайымыз бар. Түркi-мадияр халықтарының арасындағы алтын көпiр, түркi халықтары арасында аңызды тұлғаға, сүйiспеншiлiктiң үлгiсiне айналған Қоңырдың мұрасын игеру, есте қалдыру шаралары аса қарқынды бола қойған жоқ, жүйелі жүрілмеді.
Дегенмен, Алматы қаласының көне аудандарының біріндегі ұзындығы 2 шақырымдық көше Қоңыр Иштван (бұрыңғы Қрасный Партизан көшесі) атымен аталады. Сондай-ақ ұлтжанды азамат Ернар Мәсәлімнің жанкештілігінің арқасында Алматыдағы №154 орта мектепке Қоңырдың есімі берілді. Мектепте «Жаңа сахна» атты оқушылар театры, қазақша КВН жеңімпазы «Қоңыр ұландары» командасы, мұражай-мүйіс және т.б. шаралар Қоңырға арналған іс-насихаттың көрінісі. Осындай көңілге медеу етерлік тірліктерге қолдау көрсетуші профессор Ерден Қажыбектің бастамасымен Тіл комитеті тарапынан 2007 жылы желтоқсанда Астанада өткен «Қазақ тілінің тарихы: алтай дәуірі - прототүрік кезеңі - көне түрік ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны Мандоки Қоңырдың рухына бағыштады.
Қоңырдың мерейлік даталары ескерусіз қалып келді. 2014 жылы Қоңырдың туғанына 70 жыл толады... Қоңырды есте қалдыру, оның мұраларын игеру барысында елеулі шаралар атқару - барша түркі халықтарына ортақ парыз, соның ішінде ТІКА, TURKSOY сияқты үлкен халықаралық ұйымдарға, қазақ руханиятына үлкен парыз болып тұрғаны белгiлi..
Қоңыр отбасы баяғы қазақтың мырзаларындай түсел көп түсетін, барлық құрлықтан келіп-кетіп жататын қазақ-қыпшақ мәдениетінің кішкене аралы, елшісі іспетті баспанасындағы Қоңырдың 40 мыңдай кітап пен қолжазбадан тұратын бай кітапханасына қолдау, мемориалдық музей ашу, Қоңыр еңбектерінің жинағын аудармасымен қоса шығару - ең басты шаралардың бірегейі болмақ.
Қоңыр мұраларын игеруді онан тәлім, өнеге алған, мадияр тілін игерген маман ретінде өз басым инициативті жұмыс ретінде жүргізіп келемін. Қияметі көп, қым-қуыт ауқымды іске қол ұшын ұдайы созып келген жанашыр жандарға Қоңыр аруағы риза болсын дей отырып, рахмет айтамыз. Олар - Қоңырдың достары академик Б.Көмеков, профессорлар Е.Қажыбек, К.Хұсайынов, Н.Уәли, М.Сембі, М.Әуезов, С.Өтемісұлы және көптеген қазақ зиялылары, Атыраудағы Қоңырдың қайынағасы Машырық Өтеулиев басқаратын «Дариға-М» команиясы, мадияр-қазақ ынтымақтастығы саласындағы ұдайы қолдаушы Гал Андраш басқаратын «Барыс» қоры, әріптестері академик Вашари Иштван, доктор Эрдели Иштван, Бирталан Агнеш, Башки Имре, марқұм Торма Йожеф, зерттеушілер Бенкө Михай, Шомфай Кара, Кун Петер, Түркиядағы профессор Гүнай Қараагач, Польшадағы Хенрик Янковски және т.б. көптеген әріптестер.
Мандоки Қоңыр Иштван Мажарстан түркологиясындағы дәстүрлi салаларының iшiнен мажарлардың көне тарихы мен түркi-мадьяр байланыстарын зерттеуді негiзгi нысанасы етiп ұстанған. Қоңырдың ғылыми зерттеулерi көне түркi тектi көптеген мадьяр сөздерiнiң этимологиясының түйiнiн шештi, башқұрт-мадьяр ортақ этнонимi төңiрегiнде қалыптасқан жаңсақтыққа төрелiк айтты, мадьярлар мен құмандардың түркiлермен байланыстарын бiрнеше қырынан жан-жақты дәлелдей бiлдi. Қоңыр Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркі жұрттары арасындағы тарихи-мәдени байланысты зерттеу мәселесін сапалық жаңа деңгейге көтере білген бірден-бір ғалым.
Ғұмырнамалық жинақта Қоңырдың ғылыми, адами, азаматтық келбетіне қатысты әр алуан материалдарды қамти отырып, Ұлы тұлғаның қырларын көрсетуге ниет еттік.
Қоңырдың нағыз ғылыми сүбелі еңбектерінің аудармасын ғылыми комментарийлерімен қоса шығару, естеліктер құрастыру алдағы күннің еншісіндегі істер екені анық.
1. Мажарстан - Балқан - Кіші Азия - Кавказ - Түркіменстан - Өзбекстан - Қазақстан - Қырғызстан - Кіндік Азия - Монғолия бағытымен Дунайдан - Орхонға дейін «ҚОҢЫР ЖОЛЫ» ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫН ұйымдастыру.
2. Қоңыр мұраларын игеру мәселесін жүйелі, кешенді түрде жүргізу:
Қоңырдың жинақтаған түркі халықтарының ауыз әдебиет үлгілері мен этнографиясы туралы деректерін топтап, жинақ етіп бастыру; 1965 жылдан Румыния, Бұлғариядағы Добружа, Дели орман өңірінде тұратын түркі текті жұрттар арасында жүргізген тілдік-этнографиялық-фольклорлық экспедициялық зерттеу нәтижесінде 40 мыңдай сөзден тұратын диалектологиялық сөздікті баспадан шығару; Қоңырдың ғылыми еңбектерінің және ғылыми-көпшілік еңбектерінің толық жинағын жеке-жеке шығару; Қоңырдың ғылыми еңбектерін аударып, ғылыми комментарийлерімен қоса отырып, жеке жинақ етіп шығару. Қоңырдың еңбегінің ғылыми маңыздылығын ескере отырып, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізу жолдарын қарастыру.
Қоңыр қолжазбаларымен жұмыс жасау және еңбектерін аударумен айналысу үшін арнайы бағдарлама мен шетелдік ғылыми мекемелермен, атап айтқанда Қоңыр өзі қызмет атқарған Будапешт Мемлекеттік университеті мен Мажарстан ғылым академиясының алтаистика орталығымен бірлесіп жұмыс жасауға қол жеткізу, келісім -шарт жасасу.
3. Қоңырды еске қалдыру шараларын жалғастыру;
Түркі республикаларының бас қалаларындағы бір-бір көшеге Қоңыр есімін беру;
Алматыдағы Қоңыр атына берілген көшеге оның бюст ескерткіш тақтасын орнату;
Атырау облысы, Құлсары ауданының Теңіз кенішіндегі венгр мұнайшыларының ауылына Қоңыр атын беру;
ҚР жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жас филолог, этнографтарға арнап Қоңыр атындағы стипендия тағайындау;
«Абай-ақпарат»