Жұма, 22 Қараша 2024
2236 1 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 11:09

Оксфордтың коронавирусқа қарсы вакцинасы дайын болды

Оксфорд университеті оқытушыларының AstraZeneca корпорациясымен бірлесіп істеп шығарған коронавирусқа қарсы вакцинасы Ұлыбританияда 4 қаңтардан бастап қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Sunday Times газеті британ үкіметіндегі дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, жыл соңына дейін өлке билігі вакцинаны қабылдауы керек.

Алғаш Оксфорд вакцинасы COVID-19-қа қарсы емдеу құралын жасап шығару бойынша "әлемдік жарыста" лидер саналып келген. Бірақ сынақтың үшінші кезеңінде оның нәтижелері салыстырмалы түрде төмен екені анықталған.

AstraZeneca корпорациясының басшысы Паскаль Сорио газетке берген сұқбатында вакцина 95% нәтижелігін көрсетті деген. Оның сөзінше, препарат қабылданса, ол басқа вакциналарға қарағанда салыстырмалы түрде бірнеше артықшылықтарға ие болады — бағасы арзан, оны Moderna мен Pfizer вакциналарындай -20, -70 градуста емес, -2, -7 ғана градуста сақтауға мүмкін болады.

Бүгінгі күнде АҚШ-та Pfizer және Moderna, Ресейде "Спутник V" және "ЭпиВакКорона", Еуропа одағы мен Ұлыбританияда Pfizer вакциналары тіркелсе, Қытайда жергілікті препараттармен емдеу жүргзіліп жатыр.

Джон Хопкинс университеті мәліметіне қарағанда, 28 желтоқсанда әлемде 80,7 миллион адамға коронавирус жұғып, 1 миллион 764 мың адам қаза болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333