Жұма, 22 Қараша 2024
2630 6 пікір 2 Қаңтар, 2021 сағат 15:21

ДДҰ АҚШ вакцинасын ұсынады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer және BioNTech вакциналарын мақұлдап, қауіпсіздік пен тиімділіктің қажетті критерийлеріне сәйкес келетінін мәлімдеді.

ДДҰ эпидемиямен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектерге шұғыл рұқсат береді. Бұл БҰҰ-ға кедей елдер үшін вакцина сатып алуды бастауға мүмкіндік береді.

Pfizer және BioNTech вакцинасы ДДҰ мақұлдаған бірінші вакцина. Ол қазірдің өзінде АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық Одақ елдерінде қолданылады.

Ал, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды сатып алу туралы компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатқанын, бұл келіссөздердің егжей-тегжейі белгісіз екенін айтты.

Айта кетейік, бүгінде әлемде 84 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Салдарынан 1,8 миллионнан астам адам қайтыс болса, 59,6 миллион адам жазылған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318