Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
3710 3 пікір 2 Қаңтар, 2021 сағат 15:46

Роза Бағланованың туғанына 100 толады

Президент Тоқаев КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығына орай, бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы.

Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Роза Тәжібайқызы 1922 жылы Қызылорда облысында туған.

1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.

Оның шығармашылық жолы екінші дүниежүзілік соғыс жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.

Abai.kz

3 пікір