Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5772 0 пікір 29 Ақпан, 2012 сағат 15:13

Нұра Матай. Ашаршылық, Астана және ескерткіштің эскизі

ҚазТАГ-тың хабарына қарағанда, кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов президенттің қабылдауында болып, Елорданың сәулет-құрылыс жұмыстарымен таныстырыпты. Әкімнің Елбасына көрсеткен эскиздерінің ішінде, республикалық конкурстар нәтижесінде іріктеліп алынған «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіш те бар екен. Ішіміз жылып қалды. Туғаны жоқ тура бидей болмаса да туған билігің тарихың мен тұлғаңа тас мүсін орнатпақ ниетін көрсетіп жатса, «Бұғанда тәуба» демейтіндей, тасбауыр, тасжүрек емеспіз ғой. Бәрекелді!

Ескерткіш десе, 2009-дағы дау еске түседі. Тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрған хандардың еңселі ескерткіштерінің қала шетінде қараусыз жатқаны қалың қазақтың намысына тиіп, Алаш дегенде шығарға жаны бөлек abai.kz ақпараттық порталы бастап қазақ баспасөзі әлгі мәселені  әй, кеп-кеп шуылдатты дерсің. Баспасөздің еңбегі зая кетпеді. Ақыры, хандарға қайтадан, жаңа ескерткіш қойылды.   Әмбесі, Астананың әкімі өзі тарихшы, әрі  тарихи жәдігерлерді жинаушы, өнерге өте-мөте жақын адам. Ескерткіштер де өнердің бір түрі ғой. Сондықтан, Астанадағы ескерткіш атаулы өнерді түсінетін адамның қолында десеңіз болады.

Бірақ, сонда да Астана жақтан ескерткіш деген әңгіме шықса, арты қалай болар екен деп алаңдап отыратын болдық. Бұл - 2009-дағы хандардан кейін сейілмей қалған кесірлі күдік болса керек.

Айтпақшы, Астана ағымдағы жылды ескерткіштермен бастады. «Мәңгілік ел» деген қақпа ашты. Шындығында ол жерде Отырардың қақпасындай қасиетті қақпа түгіл, сықырлауық есік те жоқ. Есесіне, жұрт арлы-берлі аспанға қарап, тамашалап өтетін аркасы бар. Суретін көргенде неге екенін білмеймін, Париждегі Триумфалды арка көз алдыма келе қалды. Француздардың аркасынан Астананың аркасы көлемі жағынан көп кіші. Екеуінің де өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар екен. Бірақ, Астананың аркасын өзіміздікі деп қабылдай алмай-ақ қойдым. Бірақ, Астананың аркасынан бұрын арқасы бар ғой. Арқасы!

«Абай-ақпарат»

Төртінші суретте - Алматыда ашаршылық құрбандарына арнап қойылатын делінген ескерткіш орнындағы қара тас. Алайда, ашаршылық құрбандарына қойылуы тиіс ескерткіш әлі күнге дейін орнатылған жоқ.

Бесінші суретте - Париждегі триумфалды арка

Алтыншы суретте - Астанадағы "Мәңгілік ел" қақпасы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969