Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 2 Наурыз, 2012 сағат 10:36

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтеміз»

Назарбаев университеті студенттерімен кездесуі кезінде президент - коммунистер басқарған совет өкіметі тұсындағы қазақ халқына қасақана жасалған ең жойқын қастандықтың бірі - ашаршылықтың 80 жылдығы аталып өтетінін мәлімдеді.

Әнеугүні Астана қаласын қабылдаған Елбасы бас қалада орын тебетін «ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің республикалық конкурс нәтижесінде іріктеліп алынған эскиздерімен танысқанын жазып едік. (http://old.abai.kz/content/nyra-matai-asharshylyk-astana-zhene-eskertkishtin-eskizi)

Алдағы уақытта ашаршылықтың республика көлемінде аталып өтілуі турасындағы іс-шаралар бағдарламасы да жарық көріп қалар. Біздің тілек - 80 жылдық бір реттік науқанға айналып кетпесі екен.

Астана - қазақ тарихындағы қаралы да қасіретті зұлматқа қатысты өз ұстанымын көрсетті. Алайда, ең негізгі бір қадам - ашаршылыққа саяси-құқықтық баға беру мәселесі күн тәртібіне шықпай тұр. Бірақ, Астананың оң қадамы ол күннің де алыс емес екенін аңдатқандай.

Ал, Алматыға келсек, ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш бой көтеруі тиіс орын белгіленіп, «Осы жерде 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады» деген бадырайған жазуы бар қара тас, міне, үш жылдың жүзіне айналды, әлі тұр. Қала әкімі Есімов мырзаның құлағына алтын сырға, президенттің ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту жөніндегі мәлімдемесінің нақты көрінісі ретінде Алматының ортасынан ойылып орын берілген жерге ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті қойып жіберсеңіз, тарихтың, ата-баба аруағының алдында өтелген бір парызыңыз болар еді. Және президенттің алдында жүзіңіз жарық болатыны және рас.

Ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту, ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнату сияқты шаралардың о бастан мемлекет пен қоғамның ұлт тарихы алдындағы қасиетті парыздарының бірі екені мәлім. Кешігіп те болса, қолға алынып жатқан істің астарында қазақ пен биліктің ортасындағы онсызда кетеуі кеткен сенімді қайта орнату ойыны бұғып жатпаса болғаны...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303