Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3212 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 07:37

РЕСЕЙЛІК ҮШ ТЕЛЕАРНАНЫҢ ҮНІ ӨШТІ

«Алма ТВ» кабельдi желiлер операторы   ресейлiк «РТР Планета», «Россия 24» және «Россия К» телеарналарын ретрансляциялауды доғарады. «Алма ТВ» ЖШС бұған дейiн аталмыш телеарна өкiлдерiмен бiрқатар келiсiм-шарттар жүргiзген болатын.

Оператор ресейлік құқық иеленуші өкілдерімен 2012 жылы «Алма ТВ» ЖШС кабельді жүйесіндегі аталмыш арналарды ретрансляциялау бойынша әрі қарай ынтымақтастық жөнінде бірнеше келіссөздер жүргізді. Алайда наурыздан бастап оператор аталмыш компаниялармен байланысты үзу туралы шешімге келген. Себебі ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттарына келісе алмаған көрінеді. Есесіне «Алма ТВ» эфирінде наурыздан бастап Эксперт ақпараттық-талдамалық бағыттағы ресейлік телеарна мен мәдениет туралы ТРО (Телевидение-радио общества) жаңа ресей-беларусь телеарнасы көрсетіледі.

1994 жылы құрылған «Алма ТВ» ЖШС қазіргі кезде оператор Қазақстанның барлық ірі қалаларында қызмет көрсетеді. Компания бүкіл әлем бойынша 70-тен астам телеарнаны ретрансляциялайды.

Динара ДҮРМӘН, "Түркістан" апаталығы, 01. 03. 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2739
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1858