Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5425 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 05:48

Жұмамұрат Шәмші. Аралас неке қазақты алысқа апармайды

Ашық қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ аралас неке қазақ ұлтының келешегіне пайдалы ма, әлде зиянды ма? Аралас некенің салдарынан аз ұлттар азулы ұлттардың құшағына  жұтылып кетуі мүмкін бе? Мүмкін сияқты. Оған тарих куә.

1940 жылы Кеңес Одағы құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орынды Қазақстан иеленіпті. Екінші орынды місе тұтпаған ел билігіндегі жағымпаз азаматтардың сол кезде  қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға уәде беріпті.

1950 жылдары тың игеру деген желеумен қылмыс әлемінің әпербақан ұрдажықтары келген соң, аралас некенің саны күрт өскен. 1940 жылдары 15% шамасында болса, 1950 жылдары 23% құраған. 1980 жылы әрбір бесінші қазақ аралас неке құрыпты.

Оның сыртында орыстан қатын алған қазаққа көрсетілген жеңілдіктер болыпты: тегін пәтерлі болу, қызметін өсіру, жалақысын жоғарылату және демалыс орындарына жіберу сияқты.

Ашық қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ аралас неке қазақ ұлтының келешегіне пайдалы ма, әлде зиянды ма? Аралас некенің салдарынан аз ұлттар азулы ұлттардың құшағына  жұтылып кетуі мүмкін бе? Мүмкін сияқты. Оған тарих куә.

1940 жылы Кеңес Одағы құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орынды Қазақстан иеленіпті. Екінші орынды місе тұтпаған ел билігіндегі жағымпаз азаматтардың сол кезде  қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға уәде беріпті.

1950 жылдары тың игеру деген желеумен қылмыс әлемінің әпербақан ұрдажықтары келген соң, аралас некенің саны күрт өскен. 1940 жылдары 15% шамасында болса, 1950 жылдары 23% құраған. 1980 жылы әрбір бесінші қазақ аралас неке құрыпты.

Оның сыртында орыстан қатын алған қазаққа көрсетілген жеңілдіктер болыпты: тегін пәтерлі болу, қызметін өсіру, жалақысын жоғарылату және демалыс орындарына жіберу сияқты.

Қазіргі таңда елімізде жылына шамамен 100 мың неке қиылады. Осының 20% немесе 20 мыңы аралас неке екен. Құдай бұйыртса, кешікпей Кеңес кезіндегі межеге жетіп жығылатын түріміз бар. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеулеріне қарасақ, 18-20 жастағы қазақ қыздарының үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Тек Астананың өзінде құрылыста жүрген түріктердің белінен тамған «жиендер» жүздеп емес, мыңдап саналады. Түріктер мен қытайларға тоқалдыққа тиіп кетіп, басы сыймай, қайтып келіп жатқан қарындастар қаншама.

2007 жылы Астана қаласында азаматтығы жоқ тұлғалармен 36 неке қиылса, 2009 жылы 48 неке, 2010 жылы 55 неке тіркелген. Бұл сан жыл сайын өсу үстінде. Таяуда Астана қаласының әйгілі Республика даңғылы көшесін бойлап келе жатқанмын, қарсы алдымнан афроамерикандықтың қолтығына тығылып екі жап-жас қазақ қызы кетіп бара жатқанын көріп, ары қарай жүре алмай, тұрып қалыппын. Жүрегім аунап, тулап намыстан өліп кете жаздадым. « Біз біткен екенбіз»деген ой келді басыма.

Құдай қаласын, қаламасын нәсілі бөлек екі жігітте күйеу бала болайын деп тұр. Өзге түгіл, діні бір, тілі бір түркі тектес бауырларға қимайтын қазағымның қызы еш арланбастан шетелдіктің жетегіне кетуге құмар. Жақсы тұрмыс, жайлы төсек Отаннан артық болғаны ма сонда?

Шетелдік азаматтар еліміздің еркесі болған аяулы бойжеткендерді бақытты ете ала ма? Ұлты, тілі, діні бөлек, өмірлік көзқарасы мен жалпы болмысы басқа адамдар қалай тату-тәтті өмір сүрмек? Меніңше өте қиын.

1970 жылдан бастап Қытайда жүргізілген адам өсімін шектеу туралы саясатқа байланысты ұлты қытай отбасыға бір бала, қытай еместерге екі баладан асырмауды заңдастырды. Осыған байланысты қытай отбасылар бір баланың ер бала болғанын қалады.

Жүктілік кезінде құрсақтағы қыз бала болса, ата-анасы оны өмірге әкелуден бас тартып, түсік жасату кең етек алған. Сөйтіп, соңғы жылдары ұлдардың саны күрт өскен. Қазір 20-30 жас шамасындағы қыз-жігіттер арасында ұлдардың үлес салмағы 30 миллионның үстінде екен. Бұл сан 2015 жылға қарай 90 миллионға жетеді дейді демограф Мақаш Тәтімов. Енді осы 90 миллион қытай еркегі қу тізесін құшақтап қатынсыз жүре бере ме, -- әрине жоқ. Олар да әйел алып, балалы болуды қалайды. Қатынды қайдан табады дейсіз ғой. Іргесінде Қазақстан дейтін ел бар, ұлан байтақ жері бар, өзге десе төрін ұсынатын. Онда және қыз көп. Бір жігітке сегіз қыздан келеді. Кім көрінгенге тие береді, үйі мен ақшасы болса болды, ұлттық рухтан ада өз тарихынан бейхабар.

Өтірік десеңіз, Борат атты кейіпкері бар ағылшын киносын көріңіз. Тіпті, ресейлік баспасөздерде тайгада орыс келіншектерімен отасып үлгерген қытайдың қарасы 80 мыңға жетіпті-мыс деген ақпарат жүр. Бейресми мәліметтер 30 мыңнан астам қытайлық азамат Қазақстанға да тастай батып, судай сіңгенін алға тартады. Жуырда көрші елдің интернет сайттарында алдағы 20-30 жылда Қазақстанда 20 миллион қытайлық мекендейтін болады деген қорқынышты  мәлімет жарияланды.

Бастапқыдағы сұраққа оралайық. Сонымен, аралас некенің шектен тыс көбеюінің салдарынан жеке ұлт немесе ұлттық мемлекеттің жойылып кетуі мүмкін бе? Әбден мүмкін. Ондай мысалдар әлемде көптеп саналады. Мысалы, өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу елінде әртүрлі этникалық-әлеуметтік топтар пайда болды. Біріншісі - Перудің титулды халқы кечуалар. Бұлар барлық халықтың көп пайызын құрады. Екіншісі --отарлаушы испандық креолдар. Барлық билік осылардың қолында болды. Үшіншісі -- перулік пен испандық аралас некеден туған метистер.

Тәуелсіздік алған соң Перудің байырғы халқы дәстүрлі Инк мемлекеті --Тауантинсуйді қайта қалпына келтіріп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұсынды. Қысқасы биліктегі креолдар мен халықтың денін құрайтын кечуалар арасында тартыс пайда болды. Осы тартыста аралас некеден туғандар (бізше жиендер) отарлаушы креолдардың жағына шығып кетті ( біздегі орыс тілді қазақтардың орыстар жағына шығып кете беретіні сияқты).

Метистер испан тілі диалектісімен сөйлеседі. Олардың тек тұрмысында, киімінде, жүріс-тұрысында ғана аздаған байырғы сипаттар болды. Ақыры бұл метистер бәрін ығыстырып билікті қолына алды. Бұлардың ықпалының күшейгені соншалық Қытай мен Үнді елінен, көрші Латын Америкасы елдерінен келіп қоныстаған қауым метистердің жағына жығылды. Олар метистің тілінде сөйледі, солардың мәдениетін қабылдады.

Шетелдік алпауыттар аралас некеден туған тасжүрек метистерді Перу халқының болашағы, ұлттың рухы деп көтермеледі. Айналасы жүз жылға жетпей байырғы халық перуандар (кечуалар) жер бетінен құрып кетті. Құрымауға бет алғандары алыс-шалғай тау-тас, орман-тоғайға барып тығылды. Қалалық жердегілер өздерін кечуалықтармыз деп айтуға арланды. Міне, бүтіндей бір мемлекеттің қысқаша тарихы осылай өрбиді. Кеңес кезінде орыстан қатын алған ардагер ағалардың балалары мен жиендердің 80%-ы қазір Қазақстанда тұрмайды. Алды Америка, Канада, одан қалды Еуропа елдерінде. Оқыған білімін, өз қабылетін басқалар үшін жұмсап жатыр. Қысқасы, жиендерден қайыр жоқ. Осындайда Бұқар жыраудың  «Жылқыда  өт болмас, жиенде ел болмас» деген сөзі еріксіз ойға оралады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5363