Қазақ тілін 4 апта ішінде үйренудің әдістемесі әзірленді
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге ұлт өкілдеріне арнап қазақ тілін жедел үйренудің әдістемесін әзірледі.
Бүгін ұйым жанындағы «Тілдарын» тілдерді оқыту технологияларының әдістемелік орталығы 1 айдың ішінде дайындалған жаңа әдістеменің жобасын дүйім жұртқа таныстырды. Жобаны әзірлеген ғалымдар тобы жаңа әдістемені, ең алдымен, елшіліктерде істейтін қызметкерлер арасында сынап көрген.
Әдістеме негізі ретінде белгілі ресейлік психолингвист, әлемнің 30 тілін меңгерген, тілдерді жеделдетіп меңгерудің бірегей әдістемелерінің авторы Дмитрий Петровтың тәжірибесі алынды.
Бірнеше сабақтан тұратын курс барысында тыңдаушылар арнайы бейнематериалдарды көріп, тіл ұстартудың негізгі ережелерін зерделеген. Осыдан кейін сөз құрылымдарын зерттеп, арнайы дыбыс жазу техникасына сүйеніп, 300-400-ге жуық қазақ тілінде жиі кездесетін сөздерді жаттаған. Осы курстан өткен қазақ тілін мүлдем білмейтін бір топ азамат қысқа уақыттың ішінде қазақ тілінің базалық білімін, ауызекі тілде сұхбаттасуды үйреніп шыққан. Жаңа әдістемені әзірлеген ғалымдар аталған жүйенің арқасында мемлекеттік тілді төрт аптаның ішінде, яғни бір айда меңгеріп шығуға болатындығын дәлелдеді.
Авторлар тобы әзірленіп жатқан әдістемелік жобаны «Тілдарын» деп атады.

Психолингвист-ғалым Д. Петровтың айтуынша, бұл жүйе тілді меңгеру кезіндегі сан алуан психологиялық кедергілерді жеңуге көмектесіп, тілдік нормаларды еркін игеруге мүмкіндік береді.
«Менде тілдік тосқауылдар мен қорқыныш болды. Бірақ қысқа уақыт ішінде олар ізім-ғайым жоғалды. Менің ойымша бұл әдістеме өте қызықты, жаңа әрі басқаларына ұқсамайтын әдістеме. Өйткені грамматика түсінікті формада, схема арқылы баяндалады», - дейді 3 апта ішінде қазақ тілінде сөйлейтіндей деңгейде үйренген Қазақстандағы Жапон елшілігінің атташесі Акио Ядихаши.
«Біздің әдістемеміз жеке адамдардың өмірлеріне қатысты 8 тақырып аясында құрастырылды. Сонымен қатар, жиі қолданыста болатын 400-ге жуық сөз енді және 15 шақты грамматикалық конструкциялар кірді. Біз Дмитрий Петровтың көзқарасын, бірегей әдісін алдық. Сол себепті бұл конструкциялар менің студенттеріме бір конструкциядан бірнеше комбинациялар жасауға зор ықпал етті», - дейді мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту әдістемесінің авторы, «Парасат және Діл» қоғамдық бірлестігінің директоры Құралай Мұтанова.
kaz.gazeta.kz