Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4913 0 пікір 12 Наурыз, 2012 сағат 07:30

«Айтабер!» - танымдық блогтұғыры

Тақырыптық номинация: адамдар, блогтар, «Айтабер!» туралы;
Ресурстық тілі: қазақ;
Ашылған уақыты: 2012 жыл;

http://aitaber.kz/

Тақырыптық номинация: адамдар, блогтар, «Айтабер!» туралы;
Ресурстық тілі: қазақ;
Ашылған уақыты: 2012 жыл;

http://aitaber.kz/

Қазнет күн өткен сайын түрлі бағыттағы сайттармен толығып келеді. Соның бірі - «Айтабер!» - танымдық блогтұғыры.  Блогтұғырға кез келген интернет қолданушы тіркеліп, баршамен өз ойын бөлісіп, айналада болып жатқан түрлі оқиғалар мен тұтас қоғам жайында көзқарасын жеткізе алады. Ал, блогтұғырды жасаушылар былай дейді: «Айтабер! - қолданушылардың өз білгенімен бөлісуіне мүмкіндік беретін тақырыптық негіздегі танымдық блогтұғыр.
Сайт мүмкіндіктері
- Сайттың қолданушыларына пайдалы болатын белгілі ақпараттық маңызға ие посттар жазуға;
- Басқа қолданушылардың жазған посттарын жеке пікір арқылы толықтыруға\жауап жазуға\;
- Жазылған посттарды\пікірлерді және қолданушыларды бағалауға;
- Іздеген тақырып бойынша мейлінше пайдалы ақпарат алуға;
- Виртуал әлемде жаңа достар табуға

болады

Қолданушы ережелері
Тіркелу:
- Қолданушыдан өз есімі арқылы тіркелу талап етіледі;
- Анкетада барынша шын және толық ақпарат көрсетілуі тиіс;
- Күмәнді аккаунттар автоматты түрде сайттан өшіріледі.
- Егер сайттан мақұлдау хаты келмей жатса, поштаңыздағы "Спамдар" бөлімінен қарап көріңіз!

Пост жазу:
- Жазба барынша оқырманға пайдалы болуы тиіс. "Мен келдім", "Мына өлеңге риза болдым", "Ауа-райы керемет" деген сияқты жеңіл мәнді жазбалар сайттан ескертусіз өшіріледі;
- Діни, ар-ожданды таптау, ұлтшылдық, антирекламалық, порнографиялық мәнге ие болған кез-келген жазба сайттан ескертусіз өшіріледі. Автор белгілі бір мерзімге сайтқа кіру мүмкіндігінен айрылады;
- Жазбаның орфографиялық сипаты барынша сақталуы тиіс. Сайт қазақ тілінде болғандықтан қолданушылардан кез-келген жазба/пікір қазақ тілінде жазылуы талап етіледі;
- Жазбалар қазақ немесе латын әліпбиінде жазылуы тиіс;
- "Мода алеминдеги сонгы жаналыктардан хабардар етуди жон кордим" деген секілді орфографиялық жазу үлгісіне сай келмейтін посттар сайттан өшірілуі мүмкін.

Пікір жазу:
- Кез-келген әдептілік шегарасынан шығып, діни, ар-ожданды таптау, ұлтшылдық, антирекламалық, боқтық мәнге ие болған пікір сайттан өшіріліп, автор белгілі бір мерзімге дейін сайтқа кіру құқығынан айрылады;
- Бұл сайтта уақытын қалай өлтірерін білмей, пікірлері/постары арқылы адамдардың мазасын алып, сайт жұмысына зиян келтіретін қолданушыларға орын жоқ екенін ескертеміз.

Ендеше, құнды да қызықты ақпаратың немесе ұтқыр ойың болса, АЙТА БЕР!»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383