Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 12 Наурыз, 2012 сағат 08:03

Әйелдер үшін ең жайлы ел белгілі болды

Британдық The Independent басылымы әлемнің қай елінде әйелдердің тұрмыс-тіршілігіне жайлы жағдай жасалғандығын анықтауға тырысыпты. Бұл жайында РБК сайты хабарлайды.

Сонымен саясаткер болғың келсе, Руандада өмір сүр. Өйткені бұл елдің парламентіндегі 80 орынның 45-ін нәзік жандылар иеленеді екен. Жалпы Руанда әйел-саясаткерлер саны басым әлемдегі жалғыз мемлекет.

Ана болғың келсе, Грекияда тұрған жақсы. Себебі бала туу барысындағы ана өлімі 31800 оқиғада бір рет қана тіркеледі.

Мансапқорлардың тасы өрге домалайтын жер - Тайланд. Бұл елдегі топ-менеджерлердің 45 пайызын нәзік жандылар құрайды.

Ұзақ өмір сүргің келсе, Жапонияға бет бұр. Күншығыс елінде әйелдерге мансап жолында өсуі қиын болғанымен өмір сүру ұзақтығы 87 жасты құрайды. Ал бұл көрсеткіш Оңтүстік Африкадағы Лесото корольдігінде не бәрі 48 жас қана.

Спортшыларға қамқорлығы зор ел ретінде АҚШ аталып отыр. Өйткені әлемдегі ең жоғары жалақы алатын 10 спортшының 5-еуі АҚШ азаматшасы.

Қазақ «балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» деп, балалы үйдің қуанышы да, шаттығы да көп болады дейді. Қызығы, балалы болудан бастартқан әйелдерге де өте жайлы орын бар екен. Ол - Швеция. Швецияда түсік тастатсаң бетіңе салық қылмақ түгілі, тіпті 18 апталық жүктілік мерзімінде де шарананы алып тастауға рұқсат береді.

Жоғары білікті әйелдерге Ямайка елі жайлы. Осынау таңғажайып аралдағы жоғары білікті қызметкерлерге арналған орындардың 60 пайызын әйелдер иелік етеді.

Шығармашылыққа бой ұрған әйелдерге Швецияның қамқорлығы зор. Ел үкіметінің қаулысына сәйкес, кино түсіруге арналған гранттар әйелдер мен еркектерге тең бөлініп беріледі.

Сауатты болғың келсе, Лесотода өмір сүр. Бұл елдегі әйелдердің өмір сүру ұзақтығы төмен болғанымен, сауаттылығы жағынан 95 пайыздық көрсеткішпен көш бастап тұр. Бір қызығы жергілікті ер-азаматтардың сауаттылығы төмен, олардың 83 пайызы ғана оқып, жаза алады.

Ал әйелдердің тыныс-тіршілігіне нағыз жайлы ел - Исландия. Жергілікті әйелдердің саяси белсенділігін, олардың білімділігін, денсаулығын және мансаптық болашағын сараптаған The Independent басылымы Исландияны ханымдар үшін қазіргі заманғы жұмақ деп атапты.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383