"Неге жексенбі, 31 қаңтар? Себебі 2 ақпанда Алексейдің соты болады. Сот жақындағанда біздің талабымыз өктем шығады. Ал Мәскеуде, әлбетте, 2 ақпанда сотқа келу керек", – деп жазды Волков.
"Қайда бару керек? Штаб бар қалалардағы азаматтарға маршрутты алдын ала ұсынамыз. Штаб жоқ елді мекендерде маршрут ұйымдастыруға көмектесеміз", - дейді ол. Волков Мәскеуде жиналатын орын бөлек хабарланатынын ескертті.
23 қаңтарда Навальныйды қорғау наразылық акциясын 100 мыңнан астам адам қатысты. Навальный штабындағылар 250 мың адам жиналғанын айтты. Шамамен 3,5 мың адам ұсталды. Акция билік келісімінсіз өтті. Ол Ресейдің жүзден астам қаласында өтті.
Мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі акция кезінде 1455 адам ұсталған.
Abai.kz