Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2257 0 пікір 12 Наурыз, 2012 сағат 08:17

Ксения Собчак Астанада шеберлік сабақтарын өткізеді

Ресейде өткізілген оппозиция митингісіне байланысты кейінге қалдырылған Ксения Собчактың Астанадағы авторлық шеберлік сабақтары енді 16 наурызға белгіленді.

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушы DOFF компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетейік, ресейлік танымал тележүргізуші К. Собчак 10 наурыз күні Астанада қазақстандық кәсіпкерлер мен шоу-мендер үшін шеберлік сабақтарын өткізеді деп жоспарланған болатын. Алайда, Ресейде оппозиция митингісіне қалуды жөн көрген тележүргізуші бұл шараға келмей қалды.

Шеберлік сыныптарының бағдарламасында Ксения Собчактың жеке бас жетістігінің сыры, жеке бренд өнері, стиль мен имиджге қатысты кеңестері мен бизнес-ұсыныстары кіріп отыр. Сонымен қатар фэшн-индустрияның алдыңғы қатарлы брендтері ұсынылатын «Luxury show» шарасы өтеді деп күтілуде.

К. Собчак тележүргізуші ретінде 2004 жылдан бастап танымал бола бастады. Ол Ресейде «Кто не хочет стать миллионером», «Последний герой-6», «Блондинка в Шоколаде» сынды бірнеше реалити-шоуларды жүргізді.

Қазіргі уақытта ТНТ арнасында «Дом-2» реалити-шоуының жүргізушісі, Серебрянный дождь радиосында өзінің авторлығымен «Будни Барабаки» радиобағдарламасының жүргізушісі, 2010 жылдан бері «Девчата» ойын-сауық бағдарламасын, ал 2011 жылдан бастап «Топ-модель по-русски» шоуын және СТБ телеарнасында «Давай поженимся» шоуын жүргізіп келеді.

Сонымен бірге Ксения Собчак бірнеше кітаптың авторы. Оның үш сағатқа созылатын шеберлік сабағына билеттердің құны - 15 мыңнан 50 мыңға дейін.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385