Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Ел іші... 3977 3 пікір 28 Қаңтар, 2021 сағат 12:17

Алматыда карантин күшейтілді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астана тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жаңа шектеулер енгізді.

Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемелердегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, батуттардың және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.

Соған сәйкес коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылады

Сонымен қатар Алматыдағы сауда орталықтарының жұмысы шектеледі.

Жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі шектеліп, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

Сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен жабық базарлардың жұмысын сағат 17:00-ге дейін, жексенбі күндері тыйым салумен ашық базарлардың жұмысын шектеледі.

Ал қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін шектелсе, СОСО мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттар 7:00-20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Одан бөлек сауналар, СПА-орталықтар, бассейндердің күнделікті жұмысын сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін шектей отырып, сенбі-жексенбі күндері қызметіне тыйым салынады.

Технологиялық процесс жұмысшылардың жұмыс орнында және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен объектілердің болуын болжайтын өнеркәсіптік, құрылыс және өзге де ұйымдарды қоспағанда, қызметкерлерінің саны 20 және одан көп адам болатын ұйымдар жұмысшыларының 80%-і қашықтан жұмыс режиміне көшіріледі.

Ұжымдық іс-шараларды (намаз және Құдайға құлшылық ету) өткізбей діни объектілердің қызметіне рұқсат етіледі.

15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат беріледі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021