Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Деп жатыр 6862 6 пікір 28 Қаңтар, 2021 сағат 14:47

Жапаровты құттықтауға экс-президенттің өкілі барды

Бүгін Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қырғыз президенті ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.

Шараға мыңнан астам қонақ шақырылған. Олардың қатарында қарапайым азаматтар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, отандық және шетелдік БАҚ басшылары бар.

Сонымен қатар инаугурацияға бұрынғы президенттер Сооронбай Жээнбеков пен Роза Отунбаева да қатысқан. Ұлықтау рәсімінде ОСК төрайымы Нұржан Шайлдабекова сайлау қорытындыларын жариялап, Садыр Жапаровқа президенттік төсбелгі мен эталон тапсырды.

Ал, Жапаровтың инауграциясына Қазақстаннан экс-президент Н.Назарбаевтың арнайы өкілі, ҚХА төрағасы Жансейіт Түймебаев барды.

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Ол Қазақстан халқы мен оның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың атынан қырғыз президентін арнайы құттықтап, қызметіне табыс тілепті.

«Құрметті Садыр Нұрғожаевич, қадірлі қырғыз халқы, бауырларымыз! Сізді бүгінгі Қырғыз Республикасы президентінің лауазымына кірісуіңізбен, осы үлкен шарамен төскейде малы, төсекте басы қосылған, ауылы аралас, қойы қоралас, өздеріңізге ең жақын Қазақстан халқының атынан, оның тұңғыш президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан осы құттықтауды оқуға рұқсат етіңіздер. 

Жоғары мәртебелі Садыр Жапар мырзаға! 

Құрметті Садыр Нұрғожаевич, Қырғыз Республикасының президенті лауазымына кірісуіңізбен сізді шын жүректен құттықтаймын! Еліңіздің жарқын болашағы мен мүддесі жолындағы жауапты жұмысыңыз мемлекетіңіздің тұтастығын нығайтуға және халықаралық аренадағы беделін асқақтатуға бағытталған істеріңіздің табысты болуына тілектеспін. 

Қазақстан және Қырғызстан арасындағы достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, халықтарымыздың игілігі үшін бұдан әрі нығая беретініне үміттенемін.

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, құрметті Садыр Нұрғожаевич, сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге толайым табыс, ал, бауырлас қырғыз халқына құт-береке мен өркендеу тілеймін!

Ізгі ниетпен Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы»,- деді Түймебаев.

Садыр Жапаров сложил полномочия и. о. президента Кыргызстана

Айта кетейік, 10 қаңтар күні Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті. Сайлау қорытындылары бойынша 79,2 пайыз дауыс жинаған Садыр Жапаров жеңіске жетті.

Садыр Жапаров қазақ халқына алғыс айтты

Ал, 11 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, телефон арқылы сөйлесті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қырғыз басшысы шақыруды қабыл алып, Президент ретіндегі бірінші сапарын Қазақстаннан бастайтынын айтқан.

Алайда, Жапаровтың баспасөз хатшысы Галина Байтерек оның шетелге  алғашқы сапары Ресей Федерациясынан басталатынын айтқан. Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде «Ресей Садыр Жапаровты қабылдауға дайын емес», деген ақпараттың жалған екеніне тоқталды.

«Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр. Алдағы сапардың күндері мен мазмұны ресейлік тараппен бірге пысықталуда. «Ресей Садыр Жапаровты қабылдауға дайын емес» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деді Галина Бәйтерек.

Жапаровтың Ресейге сапарын республика премьер-министрінің міндетін атқарушы Равшан Сабиров та мәлімдеген.

Қырғыз басшысының Мәскеуге сапары қай күні екені әлі айтылған жоқ және, Делегация құрамының Мәскеумен келіссөздер тақырыбы да әзірге белгісіз.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006