Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2853 0 пікір 13 Наурыз, 2012 сағат 05:59

Оқушылардың көзінше мұғалімді сабаған деген не сұмдық?!

Ақпан айының соңында Алматы қаласының бір мектебінде болған сұмдық оқиғаны естіп жағамызды ұстадық. «Тыныш отыр» деген мұғалімнің ескертпесін көтере алмай оқушы қыз жылап үйіне барған. Осыны естіген екі ағасы мектепке келіп, кабинетте сабақ өткізіп жатқан мұғалімді оқушылардың көзінше сабап тастаған. Мұғалім жігіттің басы жарылып, миы шайқалған көрінеді. Құқық қорғау органдары екі жігітті қамауға алып тергеу жүргізіп жатыр. Оқушы қыздың екі ағасы кешірім сұраудың орнына, мұғалімнің үстінен арыз жазыпты. Біздің бұқаралық ақпарат құралдарынан білген хабарымыз осындай. Осы оқиғаға байланысты біз өзіміздің азаматтық пікірімізді білдіруді жөн көрдік.

Қазақстан Республикасында ер мұғалімдер азайып барады, мектептерде ер мұғалімдер үлесі 20 пайыздай ғана. Мектепті «матриархат» жайлаған. Аға буын мұғалімдердің өздері қазақтың ер балалары қыз мінезді, биязы, жасықтау, босбелбеу болып барады деп алаңдауда. Өйткені ер мінезді, өр мінезді тәрбие беретін ер азаматтар мектепте тапшы. Психологтардың айтуынша мұндай үрдіс ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті. Бұл қазір дабыл қағып көтеретін мәселеге айналуда. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Қазақстанда мұндай проблема болмайтын. Мұғалім мамандығы, беделі бәрінен жоғары тұратын. Үлкендер балаларға бата бергенде «Мұғалім бол!» деуші еді. Қазір керісінше.

Ер азаматтардың мектепте жетіспеуінің себебін мамандар біріншіден, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен, екіншіден - мұғалім мәртебесінің төмендеуінен. Жанұяны асырау ер азаматтың мойнында болғандықтан, ол жалақысы, табысы жоғары жұмысты іздеуге мәжбүр болуда.

Алматы мектебіндегі мынадай сорақы оқиғадан кейін, мектепке ер мұғалімдер барғысы келе ме? Егер бұл оқиғаға мұғалім кінәлі болмаса, бұл істі жай қатардағы бір бұзақылық оқиға деп жылы жауып қоюға болмайды. Ата-аналар шынымен кінәліболса оларды жазалап, сот процесін республикалық телеарналардан көрсетіп, басқаларға « сабақ болатындай» ету керек. Біз, мұндай сорақылық әрекетке барған ата-аналарды айыптаймыз. Мұғалім беделі әлеуметтік мәселе. Мұны қоғам болып көтеруіміз, қорғауымыз керек.

Мемлекет тарихы институтының атынан ғылыми қызметкерлер -  С.Ж. Дүйсен, С.А. Бағдатова, Ж.Н. Қалиев, Қ.А. Еңсенов, М.М. Қойшыбаев, Е. Нәсіп, А.Т. Серубаева және т.б.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385