Жұма, 22 Қараша 2024
Әліпби 6041 59 пікір 29 Қаңтар, 2021 сағат 12:11

Қазақ әліпибінің жаңа нұсқасы жарияланды

Қазақстан үкіметі 28 қаңтарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізіп, латын алфавитінің жаңа нұсқасын ұсынды.

Үкіметтің мәліметінше, жаңа әліпби 40-тан аса нұсқаның ішінен таңдалған. Бұл нұсқада 31 әріп бар.

Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді.

Үкімет жаңа әліпбиге көшуді 2023 жылдан 2031 жылға дейін жүргізуді жоспарлап отыр.

«Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек», - деді А. Мамин.

Abai.kz

59 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321