Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2479 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 10:43

Арнайы топтың жауынгері 6060 жылға сотталды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Гватемала соты Педро Пиментель есімді элиталық әскери топтың бұрынғы мүшесін 6060 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды  РИА Новости.

Пиментель бұл жазаны 1982 жылы жасаған қылмысы үшін алып отыр. Ол сол жылы өлтірген әрбір адамы үшін 30 жылды арқалады.

Бұл жазасы туралы 55 жасар бұрынғы әскериге өткен дүйсенбіде Гватемаладағы сот отырысында  жария етілді. Бұл сот елде 1960-1996 жылдар аралығында жалғасқан азамат соғысына қатысты жүргізіліп отыр. 1982 жылдың желтоқсанында диктатор Риос Монттың бұйрығымен Kaibiles деп аталатын элиталық арнайы жасақ Лас Дос Эррес ауылының 201 тұрғынын қырып салды. Қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Деректер бойынша, жауынгерлер оларды атып, қылқындырып немесе балғамен ұрып өлтірген.

Лас Дос Эрреске 20 жауынгер жіберілген. Олардың негізгі тапсырмасы солшыл көтерілісшілер тығып отырған әскери қару-жарақты іздеп табу болған. Сол қырғынға қатысқандардың бірі жасақ құрамында Пиментельдің де болғанын айтып берген. Оны АҚШ 2011 жылы өз еліне экстрадициялаған болатын.

Сот Пиментельді әрбір құрбан үшін 30 жылдан және адамзатқа қарсы қылмысы үшін тағы 30 жылға соттаған. Осылардың барлығын қосқанда, 6 мың жылдан асып түскен. Пиментель осындай жазаға ұшыраған аталмыш арнайы жасақтың 5-ші мүшесі. Оның қаруластары  Карлос Карис, Мануэль Поп, Рейес Колин Гуалип және Даниэль Мартинес Эрнандестер өткен жылдың тамызында түрмеге тоғытылған болатын.

Мұндай жаза негізінен символикалық болып табылады. Гватемала заңдары бойынша қылмыскердің жазасы 50 жылға дейін қысқаруы мүмкін. Бірақ қылмыскер ол күнге жете ала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420