Сенбі, 23 Қараша 2024
10288 4 пікір 2 Ақпан, 2021 сағат 14:38

Қарыз алушыларға 6%-дан аспайтын несие беріледі

Жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған Еңбек 2.0 Ұлттық жобасы әзірленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Сонымен қатар, микро қаржы ұйымдары қарыз алушыларға 6%-дан аспайтын несие береді.

«2021 жылғы наурыз айының соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құру бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.

Микро қаржы ұйымдары соңғы қарыз алушыларға жылдығы 6%-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен шағын несие беретін болады.  Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік органдармен келісілуде»,- деді Шәпкенов.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар және «Атамекен» ҰКП тұрақты негізде қарыз алушылардың жобаларын сүйемелдеу мен өндірілген өнімді сатуды ұйымдастыруды және тұрғындарға шағын несие беру бойынша микроқаржы ұйымдарына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369