Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2599 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 10:50

Атырау облысында заңсыз қызмет еткен дін уағыздаушылары анықталды

АТЫРАУ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданында Теңіз кеніші орналасқан аумақта заңсыз қызмет еткен дін уағыздаушылар анықталды.

Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Бүкенбай Ерғасов мәлім еткендей, Алматы облысының, Қарағанды және Атырау қаласының 3 азаматы дін уағыздау қызметімен айналысқан. Олар әділет органында тіркелместен Құлсары ауданының орталық мешітінде, мұнайлы Жаңа-Қаратон, Қосшағыл, Тұрғызбай және Шоқпартай аудандарының мешіттерінде дін уағыздаумен шұғылданған.

«Осы факті бойынша аудандық прокуратура заңсыз қызмет еткендердің үстінен әкімшілік іс қозғады, іс аудандық сотқа жіберілді. Жылыой ауданының сотымен 5 уағыздаушы әкімшілік құқық бұзды деп танылды. Енді олардың әрқайсысы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 161 800 теңге төлейді», - деді Б. Ерғасов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446