Сенбі, 23 Қараша 2024
4704 3 пікір 3 Ақпан, 2021 сағат 14:08

Қазақстаннан шетелге ақша аудару жиілеген

Қазақстаннан шетелге ақша аударымдарының көлемі күрт өсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. 

Жалпы, 2020 жылы 11,5 мыңға жуық салықтық тексеру жүргізілген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 58% немесе 16 мыңға аз. Десе де өндіріп алу сомасы 78 млрд теңгені құраған. 2020 жылы 2,9 мың кедендік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 30,6 млрд теңге көлемінде қосымша кедендік түсімдер мен салықтар қосымша есептеліп, 11,3 млрд теңге өндірілген.

Ол пилоттық жоба қолға алынғалы 5 мың тәуекелді салық төлеуші үшін ЭШФ жазып беру шектелгенін, олар бойынша айналым 2 трлн. теңгені құрағанын атап өтті. Жоба іске қосылған сәттен бастап барлығы 60 млрд. теңге өндірілді.

«2016 жылдан бастап алғаш рет Қазақстан аумағында ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру 38%-ке төмендеді. Алайда, 2020 жылдың 11 айында елден тыс жерлерге жасалатын аударымдар күрт өсті – 19%-ке. МКК мұндай процедуралардың дұрыстығын анықтауда»,- деді Сұлтанғазиев. 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371