Сенбі, 23 Қараша 2024
5781 9 пікір 4 Ақпан, 2021 сағат 15:49

43 мыңнан астам қазақстандық Ресей азаматтығын алды

COVID-19 пандемиясы кезінде Ресей жарты миллионнан астам адамға азаматтық берді.

Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы 656,3 мың адам азаматтық алды. 2019 жылы 497 817 адам Ресей азаматтығын алған.

Былтыр 43,4 мың қазақстандық Ресей азаматы атанған. Азаматтығын өзгерткендер арасында тәжікстандықтар көп - 63,4 мың адам.

Осы елдің азаматтығын алғысы келетін өзбекстандықтар жыл өткен сайын көбейіп барады. Былтыр 23 300 өзбекстандық Ресей азаматы атанды.

2020 жылы 12 мың қырғызстандық Ресей төлқұжатын алды.

Қазақстан заңдары қос азаматтыққа тыйым салады. Басқа елдің азаматтығын алғысы келетіндер Қазақстан азаматтығынан бас тартуы керек.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371