Сенбі, 23 Қараша 2024
3570 1 пікір 5 Ақпан, 2021 сағат 11:51

Атамбаевтың қамаудағы мерзімі ұзартылды

4 ақпанда Бішкектің 1-май аудандық сотында қылмыс әлемінің дөкейі Азиз Батукаевтың қамаудан заңсыз босатылуына қатысты іс бойынша сот отырысы өтуі тиіс еді.

"Азаттыкқа" бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошевтің хабарлауынша, сот Атамбаевты үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады.

"Сот өтінішті қабылдамай, қамау мерзімін 7 сәуірге дейін созды. Сот отырысын 18 ақпанға қалдырды. Атамбаевтың өзі сотта болған жоқ. Оның үстіне, судья бұның алдында Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдап, Атамбаевтың денсаулығын тексеру нәтижесін сұратқан. Хатқа жауап әлі түспеген. Жауапты алған соң біз үйқамаққа ауысу мәселесін тағы көтереміз", - деді Жоошев.

Былтыр 30 қарашада Жоғарғы сот осы іске қатысқы алдыңғы сот инстанцияларының үкімдерін жойып, істі 1-май аудандық сотына қайтарған.

2020 жылғы желтоқсанның соңында бұрынғы президентті денсаулығына байланысты тергеу изоляторынан №47 колонияға ауыстырған.

Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысты іс аясында 2019 жылы ​7-8 тамызда Кой-Таш ауылында Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп жеткізу арнайы операциясы өтті. Сол кезде арнайы отрядтың бір қызметкері қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369