Байден АҚШ-та өлім жазасын алып тастауы мүмкін
БАҚ өкілдері АҚШ президенті Джо Байденнің өлім жазасын жоюға ниеттеніп отырғанын мәлімдеді.
The Star-дың хабарлауынша, Байден АҚШ Әділет министрлігіне жаңа жазаларды жоспарлауды тоқтатуды тапсырған. Джо Байден өлім жазасына ашық түрде қарсы шыққан алғашқы президент екені айтылған.
Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки Байденнің өлім жазасына қатысты жоспары туралы сұрақтарға жауап бермеген.
Байден өзінің сайлау науқаны кезінде федерал деңгейде өлім жазасын жоюға уәде берген. Ол "федералды деңгейде өлім жазасын алып тастау туралы заң қабылдауға және штаттарды федерал үкіметтің үлгісімен жүруге шақыруға" уәде еткен.
2021 жылдың басында АҚШ-та әйелге 1953 жылдан бергі алғашқы өлім жазасы орындалды. 52 жастағы Лиза Монтгомериге Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде өлім инъекциясы салынды.
Abai.kz